1.«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»



бет33/42
Дата07.02.2022
өлшемі133,42 Kb.
#94181
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
РК ТАРИХ

31.Қазақ КСР-інің құрылуы.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып,РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен,Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР менУкраинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж.26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарыныңтиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған),татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет