1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы



бет82/93
Дата11.05.2022
өлшемі247,35 Kb.
#142735
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93
Байланысты:
1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де

78. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы.
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау проблемалары.
Деректану ғылымының қағидасы бойынша әр бір тарихи дерек өзінің пайда болуы жағынан объективті. Өйткені ол белгілі бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе қоғамдық процестің салдарында пайда болады. Дәлірек айтқанда, нақты тарихи оқиға, құбылыс немесе қоғамдық процесс нақты тарихи деректерде бейнеленеді. Сондықтан әр бір тарихи дерек өз бойында сол тарихи оқиға, қоғамдық құбылыс немесе қоғамдық процесс туралы мәлімет сақтайды. Демек, оқиға немесе құбылыс болмаса дерек те болмайды. Олай болса, кез келген деректі белгілі бір тарихи оқиғаның дерек көзі ретінде зерттеуде, оның пайда болуының объективтілігін, алғышарттарын, яғни нақты қандай оқиғаның салдарында пайда болғандығын анықтаудың маңызы үлкен. Сонымен қатар, кез келген дерек тарихилық принципіне сай белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында және нақты бір кеңістікте пайда болады. Уақыт ерекшелігі, дәлірек айтқанда, деректің жасалу кезеңіндегі нақты бір кеңістіктегі, яғни елдегі қалыптасқан тарихи жағдай, үстем саяси құрылыс т.б. деректің пайда болуына, оның мазмұны мен бағытына әсер етепей қоймайды. Демек, нақты дерекке немесе дерек көздеріне деректанулық талдау сол уақыт тінінде /контексінде/ жасалуы керек. Тек сонда ғана нақты деректен немесе дерек көздерінен нақты оқиға немесе құбылысқа қатысты шынайылық деңгейі жоғары мәлімет алуға болады.
Демек, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Жұмыстың кіріспе бөлімінде айтылғандай, Н. Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты еңбегінен бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейін бірнеше іргелі еңбектер, жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылытын - тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің тарихына қатысты мәліметтер бар. Демек, олардың пайда болуының объективтілігі мен тарихи жағдайын анықтау зерттеушілерге тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектесері анық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет