1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны



бет33/94
Дата15.06.2020
өлшемі218,7 Kb.
#73471
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
Байланысты:
Тарих 90сурак сессия
Тарих жауаптары устный, negizgi quram
32. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.

Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан  ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды.  Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен  қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы  капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды.  Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.  Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі  болды.  Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды.  Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде  жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады.  Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.  Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші  съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік  индустрияландыру саясаты  республикалардың  ұлттық  ерекшеліктерін  қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру  саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.


Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай,  дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі  өлкенің экономикалық  дамуының  бағытын өзгертті, яғни  халық шаруашылығының жетекші саласы етіп  өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті.  Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті  заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл  большевиктік басқару әдісіне  бағынышты болды.  Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп  пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет