1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


ХХғасырдың басындағы ұлттық баспа сөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап»жәнет.б.)



бет8/94
Дата15.06.2020
өлшемі218,7 Kb.
#73471
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Байланысты:
Тарих 90сурак сессия

8.ХХғасырдың басындағы ұлттық баспа сөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап»жәнет.б.)
Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды,білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды.
Қазақ тіліндегі алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билік органдары шығарды. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстандағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырғаннан кейін халыққа патша үкіметінің қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндіру үшін баспасөз қажет болды. Алғашқы газеттердің бірі — «Түркістан уәлаятының газеті» 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде шыға бастады, Ол Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз органы еді. 1888 жылы Омбыда Дала генерал-губернаторлығы «Дала уәлаятының газетін» шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. Осы газет беттерінде қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Көпейұлы және басқалардың алғашқы мақалалары жарияланды. 1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Оның баспагері әрі редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Содан 1913 жылы ғана жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді. «Қазақ» газеті XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті, газет мұсылман діні мәселесі бойынша, ғылыми негізделген бағыт ұстанды. Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды.
XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында рухани-діни және зайырлы мазмұндағы кітаптар пайда бола бастады. 1909 жылы Санкт-Петербургте ұлы Абайдың өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы жарық көрді. Ал 1909 жылы Қазанда М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып шықты. «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат» және «Терме» атты шығармалары жарық көрді. 1911 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке кітап болып шықты. 1912 жылы Мағжан Жұмабаев «Шолпан» атты өлеңдер жинағын жариялады. 1914 жылы «Бірлік» атты ағарту үйірмесінің көмегімен Сәкен Сейфуллин өзінің «Өткен күндер» атты алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Қазақ газеттерінің, журналдары мен кітаптарының жарық көруі қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, қазақ зиялыларының ұлт мүддесі үшін тығыз топтасуында елеулі рөл атқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет