1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


АлтынОрданыңжәнеҚазақхандығыныңтәуелсізмемлекеткеұласуытуралықағида



бет89/94
Дата15.06.2020
өлшемі218,7 Kb.
#73471
түріСабақ
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
Тарих 90сурак сессия
Тарих жауаптары устный, negizgi quram
85.АлтынОрданыңжәнеҚазақхандығыныңтәуелсізмемлекеткеұласуытуралықағида.
Тарихи даму сатыларында еліміздің аймағында Қазақ хандығына дейінгі кезеңде-ақ, өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан 20–ға жуық мемлекеттік құрылымдар болған. Яғни, қазақ ұлты мен оның мемлекеттілігінің кеңістік те, этникалық та негіздері өзара сабақтасқан бірнеше кезеңдерді қамтыды. XV ғасырдың басында Маңғыт биі Едігенің тұсында Алтын Орда біршама қайта күшейгенімен, 1419 жылы Едігенің қайтыс болуымен, Бату ұлысы мүлде құлдырады. Алтын Орданың орнында Мәскеу княздығы, Қырым, Қазан, Ноғай, Астрахань, Өзбек ұлысы секілді кіші хандықтар пайда болды. Ақ Орда мен Көк Орда (көшпелі өзбектер) Алтын Орданы ұйыстырушы ұлыстар болғандықтан, бұл ұлыстарды қағанаттан бөлініп тәуелсіздікке қол жеткізді дегеннен гөрі, империялық қуатынан айырылып қалды деп қорытынды жасаған әлдеқайда дұрыс секілді.XV ғасырдың басында Маңғыт биі Едігенің тұсында Алтын Орда біршама қайта күшейгенімен, 1419 жылы Едігенің қайтыс болуымен, Бату ұлысы мүлде құлдырады. Алтын Орданың орнында Мәскеу княздығы, Қырым, Қазан, Ноғай, Астрахань, Өзбек ұлысы секілді кіші хандықтар пайда болды.Өйткені, Алтын Орда империясын Жошының екі ұлы Бату мен Орда Ежен ұрпақтары құрған болатын. Жошы ұрпақтарының өзара алауыздығынан империя әлсірегеннен соң, бұрын Алтын Ордаға тәуелді болып келген Орыс князьдықтары және т.б. иеліктер дербестікке қол жеткізді. Осыдан соң империя құрушы Орда Ежен мен Шайбан ұрпақтары өз ұлыстарының атынан саяси қозғалыстар жасай бастады. Нәтижесінде Дешті-Қыпшақта 1428 жылы Әбілхайыр хан көшпелі Өзбек мемлекетінің негізін салып, қырық жыл бойы билік құрды. ХІІІ-ХV ғғ. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттіліктің ұлттық мазмұндық белгілері қалыптаса бастаған орта ғасырлық кезеңі болды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі түркі халқы құрды» - деп жазады. Қазақ хандығының қалыптасуы, ең алдымен Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің және саяси дамулардың заңды қорытындысы болып саналадыҚазақстан мемлекеті тәуелсіздігі мен егемендігін алған жылдардан бастап, Президенттің «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыра беруіміз керек» - деген салиқалы саясатымен дәстүрлі мемлекеттілікті қайта жаңғырту мәселесі артып келеді. Ғасырлар бойы отаршылдық саясаттың салдарынан ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып барып, тоқыраған Қазақстан мемлекеті қайта жаңарып, Президенттің Мәңгі Ел құру туралы идеясын басшылыққа алып, қазіргі заман көш бастаушылары қатарында. «Тәуелсіздік тағдырдың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» деген Елбасының пайымын баршамыз мән беріп, маңызын терең түсінуге тиіспіз. Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу - ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дейі ғана тәуелсіз мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере беру керек екеніне менің сенімім кәміл», – деп тұжырымдады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет