1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет15/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

2. Құстардың простогонимозы Простогонимоздар – Prosthogonimidae тұқымдасына, Prosthogonimus туыстастығына жататын трематодалардың әр түрлi түрлерiмен шақыруланады. Тауықтардың, күрке тауықтардың, сирек үйректердiң және қаздардың ауруы. Осы паразиттер жас құстарда фабрицийлi қапшығында, ал ересек құстарда – жұмыртқа жолында тiршiлiк етедi. Осы ауру кезінде жұмыртқалау бұзылады. Қоздырушысы. Prosthogonimus туыстығы үшiн келесi белгiлер тән: жыныс тесiктерi бүйiр жағында ашылады, ауыз сорғыштың қасында, жыныс бурсасы ұзын және цилиндрлi; құрсақ сорғыштың артында бiрнен-бiрi ендер орналасқан P.ovatus - денесi алмұрт тәрiздi, ұзындығы 3-6 мм енi 1-2 мм. Құрсақ сорғышы ауыз сорғышқа қарағанда екi есе үлкең. Iшек ауыз бен құрсақ сорғыштардың арасының ортасында орналасады. Ендері сопақша, дененiң артқы жағында, жұмыртқалық құрсақ сорғыштан дорсальды орналасқан. Жатырдың артқы жағын және ендердiң арасында жерін қамтиды. Олар құрсақ сорғыштың алдында және айналасында қатты иiлген. Р.cuneatus - жұмыртқалық құрсақ сорғыштың артында орналасқан. Жатыр құрсақ сорғыштың алдында иiлмейдi. Аралық иелер – Bithynia, Gyraulus тұқымдасы тұщысу ұлулар; қосымша - Libellila, Anax, Sympetrum тұқымдасына жататын инеліктердің көптеген түрлерi. Қоздырғышының даму биологиясы Простогонимустармен зақымдалған ауру құстар клиникалыққы ортаға жұмыртқаларын бөледi (тек суда өмiр сүредi). 8-14 күннен кейңн жұмыртқада мирацидий дамиды, ол суға шығып, аралық иеге кездескеңде оған енiп, кiрпiкшелерін тастап, бауырда спороцистаға айналады. Одан церкарий дамиды да, ұлулардан шығып, құйрық қосалқысы арқылы суда жүзiп жүредi. Церкарийлер сумен қосымша иелерге түсiп, құйрығын тастап, басына, кеудесiне немесе құрсағына еніп, цистамен қапталып, метацеркарийға айналады. 70 күннен кейiн ол инвазионды болады. Құстар зақымдалған инелiктердi жұтып, өздерi зақымданады. Құстардың iшегiнде инелiктер қорытылып, ал босатылған метацеркарий жас құстардың фабриций қапшығына немесе ересек құстардың жұмыртқа жолына енедi. Эпизоотологиялық деректер. Жиi тауықтар, күрке тауықтар ауырады. Простогонимоз – ошақты ауру, әсiресе жұмыртқалайтын тауықтар қатты ауырады. Аурудың эпизоотологиясында үлкең мағынасы бар – жабайы құстар (қараторғай, ала қарға, қарға). Зақымдану ересек инелiктердi және олардың дернәсілдерін жегенде байқалады. Метацеркариялармен зақымдалған инелiк дернәсілдері қыстап, көктемде жағаның қасында жиналады да сондықтан простогонимоз су қоймаларға жақын орналасқан құс фермаларында жиi кездеседi. Тауықтар зақымдалудың тұтануы белгiлi мезгiлде болады – көктемнiң соңы және жаздың басы. Патогенезі. простогонимустар ең алдымен жұмыртқа жолының артына, кейiн оның белоктық бөлiгiне енiп, онда ол кiлегейлi қабықтарына жабысып, тiтiркеңiп (шипиктермен), алдында қабықтың, кейiн белок бездерiң қызметің бұзады. Нәтижесiнде гипер функцияға немесе белок пен өнiм шығаруының тоқталуына әкеп соғады. Жұмыртқа жолының кiлегейлi қабықтардың қабынуының нәтижесiнде бездердiң секрециясы, белоктық және қабыну процесстердiң жиналуы жоғарлайды. Жұмыртқа жолының жиырылу функциясы толық бұзылады. Соңында жұмыртқалардың шығуы тоқталады, деформировалды жұмыртқалардың шығуы (жұмсақ, қабыршақсыз) және сұйық әк массаның бөлінуi басталады. Клиникалық белгiлерi. Инвазияның ағымында 3 сатысы бар: 1-шi сатысы. Тауық түрiне қарай сау. Онымен салынған жұмыртқалар басында мөлшерi мен құралы қалыпты, бiрақ скорлупасы жiңiшкерiп, жұмсақ болады, кейiн қабықсыз жұмыртқалар пайда болады. Сосын жұмыртқа салу қиындайды және жұмыртқа шығуы тоқталады. Простогонимоздың 1-шi сатысы мамырдың 2-шi жартысында немесе маусымның басында басталып, 1 айға дейiн созылады да, ауру тауықтар жазылуы мүмкiн. 2-шi сатысы. Құстардың көпшiлiгі ауру. Олар солғын, азықтануы төмен, кейде клоакадан жұмсақ скорлупаның шетi шығып тұрады немесе қою сұйықтық ағады (әк ерiтіндiсiне ұқсас). Тауықтардың iшi үлкейген. Тепе-теңдiгi бұзылады. Құлап кетпеу үшiн құс аяқтарын әр түрлi жақтарына қояды. Осылай 1 аптаға дейiн созылады. 3-шi сатысы. Дене температурасының жоғарлауымен, шөлдеудiң күшеюiмен, ауру түрмен, күштердiң төмендеуiмен сипатталады. Құрсақты басып көргенде ауырсынады. Клоака қызыл түстi, оның қасында және iштiңартқы жағында қанаттары түсiп қалады. Осындай ауыр жағдай 2-8 аптаға дейiн созылады да, кейiн құс өледi. Ауру 1,5 - 2 айға созылуы мүмкiн. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстер өлген сойылмаған тауықтардың клоака аумағында қабыну процесстерi көрiнедi. Ашып сойғанда жұмыртқалық және жұмыртқа жолы қабынған, қабырғалары жатымсыз иiстi қою сұйық iрiндi – фибринозды массасымен қапталған. Жұмыртқа жолында деформальды жұмыртқаларды немесе белоктық заттарды табуға болады. Простогонимустардың инвазиясы жоғары болғанда патанатомиялық өзгерiстер айқын көрiнедi. Балау клиникалық белгiлердiң, Эпизоотологиялық деректердiң және клоакадан алынған бөлiнділерiн зерттеу негiзiнде қойылады. Жұмыртқалары – сары-қоныр түстi, мөлшерi 0,02 х 0,01 мм, қақпағы және төмпешiгi болады. Өлген кезде құстарды ашып союына және жұмыртқа жолын немесе фабрициялы қапшығын зерттеуiне негiзделген. Емi аурудың басында ғана нәтижелерi болады. Гексахлорэтанды. 12 сағат аш ұстағаннан кейiн iшке 3 күн бойы, 0,5 дозада әр құсқа берiледi. Четырехлорлы сутекті өңештi зонд арқылы iшiне 1 рет немесе шприц арқылы 2- 5 мл дозада әр тауыққа ұйқы безiне еңгізеді. Алдын алу және күресу шаралары құс қораны су қоймалардан алыс жерде салу керек. Құстарды өзендердiң батпақтың қасында, әсiресе таңертең күн шықпай алдында бағуға болмайды. Простогонимоз дамыған 59 9 сурет. Eurytrema pancreaticum шаруашылықтарда ауру құсты жояды және аналықтардың орнында ұрыққа қалдырылатын балапандарды инвазиядан алыс жаңа жерде өсiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет