1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет27/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық болады. Өкпесінде не бауырында жай көзбен-ақ, қарап, қолмен басып-сипап және пышақпен тілімдеп жарып тексеру арқылы эхинококк бершімегін табу қиын емес. Бірақта оларды цистицерктерден (жылауық), туберкулездың ошақтарынан ажырата білу керек.
Емі. Мал эхинококкозының емі әзірге табылған жоқ. Кейбір
ғалымдардың баяндамаларына қарағанда қой эхинококкозына қарсы дронцит (празиквантел) және мебендазол дәрілерін пайдалануға болады.
Адам эхинококкозын хирургиялық жолмен ғана емдейді.

Алдын – алу шаралары.


Сойған малдың ұшаларын ветеринарлық сараптан өткізу; Эхинококкоз цисталармен залалданған өкпе, бауырды түгелдей жою;
Ауру қоздырғышының тұрақты иелері – иттерді эхинококк таспа
құрттарынан арылту (дегельминтация жасау).
3. Токсоплазмоз - жануарлар мен адамды зақымдайтын
антропозооноздық ауру. Токсоплазмозға шалдыққан буаз мал іш тастайды
немесе тіршілікке қабілетсіз, әртүрлі ақауы бар төл туады, сондай-ақ ауру
малдың орталық жүйке жүйесі, көру мүшелері, без және ішкі секреция
жүйесі зақымдалады.
Токсоплазмоз дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған. Бұл ауру
Ресей Федерациясында, Қазақстанда, Украинада, Беларуссияда; Кавказ және
Орта Азия мен Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда кездеседі.
Қоздырғышы. Токсоплазмозды споровиктер класына жататын
Toxoplasma gondі деген қарапайымдылар қоздырады.
24 сурет. Токсоплазмоздың қоздырушысы-Toxoplasma gondii
Токсоплазмалардың құрылысы мен даму биологиясы. Токсо-
плазмалардың өсіп-даму сатыларына байланысты олардың құрылысы әртүрлі
болады. Олар: трофозоиттар (жыныссыз өсетін түрлері), цисталар,
псевдоцисталар, шизонттар, мерозоиттар, гаметалар және ооцисталар болып
бөлінеді. Трофозоиттар жартылай ай тәрізді, апельсин жарнағына ұқсас,
ұзындығы 4-7 мкм және ені 2-4 мкм. Романовский әдісімен боялған
жұғындыда олардың ядросы қоңыр-қызылға, ал цитоплазмасы көгілдір түске
боялады. (Dermacentor және Amblyomma кенелері) жұғады. Кенелер организмінде
токсоплазмалар ұзақ уақыт сақталады, бірақ тасымалдаушылар организмінде
олар көбеймейді.
Патогенезі. Табиғи жағдайларда токсоплазмалардың әртүрлі
вирулентті штамдары кездеседі. Олардың кейбіреулері сүт қоректілер мен
құстарға өте вирулентті. Басқалары, керісінше, жануарларға вирулентті емес.
Белгілі бір жағдайларда вирулентті штамдар күшін жойып авирулентті түріне
айналса, ал авирулентті түрлері вирулентті қасиет қабылдауы мүмкін.
Жануарларға жұққан соң-ақ токсоплазмалар барлық мүшелерге
таралады. Олардың шығарған уыты орталық жүйке жүйесі мен ішкі
мүшелердің қызметі мен құрылысын бұзады. Егер ауру іштегі төлге жұқса,
онда орталық жүйке жүйесінде токсоплазмалар тез көбейіп, төлдің дамуын
тежейді.
Токсоплазмалардың зат алмасуында шыққан өнімдер организмді
аллергияға ұшыратады.
Иммунитеті. Токсоплазма жұққан малдардың барлығында иммунитет
пайда болып, бірнеше жыл сақталады.
Егер организмде антиденелер болса, қайта жұққан паразиттер
көбеймейтіндігін зерттеулер көрсетті. Антиденелердің қанда сақталу мерзімі
бір қалыпты емес.
Клиникалық белгілері. Токсоплазмоз туа және жүре пайда болған
болып екіге бөлінеді. Туа пайда болған токсоплазмоз іштегі төлге енесінен
жұғады. Мұның нәтижесінде, буаздықтың алғашқы жартысында іш тастау
болады немесе соңынан төл өлі туады. Кейде гидроцефалия, аяқтарының
толық дамымауы сияқты ақаулар кездеседі. Аяқтардың толық дамымауы
қозыларда және мысықта, іштегі төлдің мумификацияға ұшырауы сиырда
жиірек кездеседі.
Жүре пайда болған токсоплазмоз ауыз арқылы немесе басқа жолдармен
жұғады. Қоздырғыштың вируленттілігіне және паразиттің ішкі ағзаларды
зақымдауына байланысты, токсоплазмоз әртүрлі болып білінеді.
Токсоплазмоздың жіті, жітілеу, созылмалы және симптомсыз түрлері бар.
Аурудың жіті түрінде жасырын кезеңі 2-4 күн. Кейде дене қызуы 420С
дейін көтеріледі. Тыныс алуы мен жүрек соғуы шапшаңдайды. Бұлшық ет
дірілі байқалады. Мал қатты күйзеледі, жем мен судан бас тартады.
Коньюктивит және танаудан кілегейлі іріңді шырыш ағады. Ауру әсіресе үй
қояндарында ауыр, ал шошқа, ірі қара мал, қой ешкіде жеңілірек, сондай-ақ
жылқы, есек, түйеде симптомсыз өтеді.
Торайлардың қаны тоқырауынан терісі қызарады, кейде салданады.
Қойдан қанды несеп шығады, іші өтеді. Буаз мал іш тастайды. Мал
өлер алдында дене температурасы күрт төмендейді.
Сиырлардың жүйке жүйесі қатты қозады. Ауруға жүйке, тыныс алу,
қан тамыр және асқазан жүйелері және көзіде шалдығады. Кейде малдың
аяқтары салданады немесе жартылай салданады. Итте шырышты немесе қан
аралас шырышты іш өту байқалады, құсады, денесі тырысып-бүрісуі мүмкін. Буаз қаншықтар іш тастайды. Аурудың соңында аяқтары салданады немесе
жартылай салданады.
Жітілеу түрінде клиникалық белгілері әлсіздеу байқалады. Жасырын
кезеңі 5-10 күн, дене қызуы 4-6 күн сақталады, бірақ 410С-ден артық
көтерілмейді. Малдың тәбеті нашар, іші өтіп, бірте-бірте арықтай береді.
Жүрісі тәлтіректеп, аяқтары жартылай салданады, іштастаудан кейін аяқтары
салданады.
Созылмалы түрінде аздаған уақыт дене қызуы көтеріліп, жем-шөпке
тәбеті болмай мал ариды.
Симптомсыз өтетін түрінде организмде токсоплазмалардың
болғанымен, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды.
Өлекседегі өзгерістер. Жіті түрінен өлген малдың сөл бездері
үлкейген және қанталаған. Жітілеу түрінде-өлексенің арықтығы көзге түседі.
Гастроэнтерит белгілері байқалады. Құрсақтан пайда болған токсоплазмозда
өлген төлдің миының ақ затында некроз ошақтары кездеседі. Қабыну
өзгерістері мидың барлық қабаттарында бар. Ұрғашы малдың қағанақ
қабықтарынан ақшыл немесе сарғыш түсті диаметрі 3 мм некроз ошақтары
табылады.
Балауды клиникалық немесе Эпизоотологиялық деректер арқылы
және зертханалық зерттеу нәтижелері негізінде қояды.
Зертханада қақырықтан немесе клиникалыққы бездерінен биопсия
алып, шыныға жұғынды препарат жасап, микроскөппен зерттейді.
Өлекседен алынған жұлын, кеуде және құрсақ қуыстары суларын,
сондай-ақ қағанақ суларын центрифугадан өткізіп, тұнбасынан жұғынды
препараттар жасалып, микроскөп арқылы тексеріледі. Жұғынды
препараттарды бауырдан, сөл бездерінен, талақтан, өкпеден және т.б. ішкі
мүшелерден жасауға болады. Оларды метил спиртімен бекітіп, Романовский-
Гимза әдісімен бояйды. Паразиттің цитоплазмасы көгілдір, ал ядросы қызыл
түске боялады.
Токөплазмозды анықтау үшін, биологиялық әдісті де қолдануға
болады. Ол үшін зерттелетін жануардан сынама алып, ақ тышқандарға
жұқтыруға болады. Тышқан миына инемен 0,03 мл немесе іш қуысына 1 мл
тексерілетін сұйықтық егіледі. 3-4 күн өткең соң, тышқанның іш қуысында 3
мл-дей экссудат түзіледі. Оның ішінен көптеген токсоплазмаларды табуға
болады.
Токсоплазмозды анықтау үшін, көптеген серологиялық реакциялар
қолданылады. Атап айтқанда комплементті байланыстыру реакциясының,
иммунофлуорлеценттік әдістің және тағы басқаларының маңызы зор.
Токсоплазмалардың тұрақты иесі мысықтарды зерттеу үшін,
Фюллеборн және Дарлинг әдістері қолданылады. Ауру мысықтың нәжісінен
токсоплазмалардың ооцисталарын іздестіреді.
Емі. Емі толық зерттелмеген.
Токсоплазманың тұрақты иелері мысықтарға химкокцид дәрісін 24
мг/кг мөлшерінде 3 күн ұдайы тамаққа қосып береді. Сонан соң 25 күн ұдайы
осы препараттың профилактикалық (жартылай дозасы) дозасы беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет