1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет62/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

Індеттанулық деректер: Жылқы парафиляриозы оңтүстік-шығыс аймақтарда, әсіресе, далалық жерлерде және орманды дала алқаптарында
кең таралған. Таулы өлкелерде бұл инвазия кездеспейді десе де болады.
Жылқылар парафиляриозға жазда шалдығады. Ауру сәуір айынан бастап күзге дейін өршиді. Оның ең нағыз қатты қозатын кезі: шілде – тамыз айлары. Күзге салым құрттаған мал саны біртіндеп азаяды да, қараша айы басталысымен азаяды. Қыс айларында жылқы арасында парафиляриоз болмайды. Бекімен жылқы көбінесе, кұнан – дөнен жасынан залалдана бастайды, жасы ұлғайған сайын денесін тоғышарлар жайлаған мал саны көбейе береді ал, кәрі жылқылар жаппай дертке дұшар болады. Өрістегі жылқыға қарағанда, арық және жұмысқа көп жегілген жылқы парафиляриозбен қатты ауырады.
Сырт белгілері: Көктем мен жазда парафиляриозға шалдыққан жылқылардың мойыны, шоқтығы, арқасы сондай–ақ, қабырғаларында,
теріде, қаны шығып тұрған ұсақ жарақаттар пайда болады. Кейіннен қан ұйып қатады да, жарақат үстін жәй басқа негізде пайда болған жарадан
өзгеше қабыршық басады. Жарақаттардан қан күндіз аздап үзілместен ағып тұрады, түнде қанның ағуы тоқтап, ертеңіне тағы да қайталанады.
Бұл ауру біресе тыйылып, біресе қайтадан қозып түрады, аталған көрініс ұзаққа созылады, тіпті күз айына дейін болады. Оның осылай дамуына тері шеліндегі аналық құрттардың теріні әлсін -әлсін тесіп, жұмыртқалауы себеп болады.
Лабораториялық зерттеу: Теріден тамшылаған қаннан жұғынды жасап, ішінен құрттың ұрықтары мен жұмыртқасын іздеп табу керек.
Майда ұрықтардың түсі жасылдау, ұзындығы 180-225 мкм. Оның бас жағы жұмырланған, құйрық жағы сүйірленген, құйрығы қып – қысқа, іші ұсақ тамырлы түйіршіктерге толы. Тек басы және құйрық жағы бос.
Ұрық денесінің ортасында үлкен сопақша, ішінде ядросы бар торша және одан кішілеу 9 дөңгелек торшалар орналасқан.
Жұмыртқасы ұсақ 0,052 -0,58 х 0,024-0,033 мм., ішінде қалыптасқан балаң құрт бар.
Өлекседегі өзгерістер: Өлген малдың тері астынан тоғышарларды іздеп табуға болады.
Емі: Әзірше табылмаған деуге да болады.

    1. Кейбір мәліметтерде жарақаттар пайда болған жердің терісінің астына 1:1000 қатынасындай етіп, суда ерітілген калий перманганатын шприц арқылы жібергенде жақсы нәтиже алғаны келтірілген.

    2. Эквалан – 0,004 г/кг мөлшерінде, тері астына үш күн қатарынан егеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет