14.Медициналық ұйымның медициналық техникасын пайдалану көрсеткіштерін есептеу.
15. Медициналық ұйымның персоналын пайдалану көрсеткіштерін есептеу. Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі Осы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 61-тармақшасына сәйкес әзірленген және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының тармақшасына сәйкес - денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесін анықтайды. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштері есептеу объектілері болып табылады. Әдістеме профилактикалық, емдеу және оңалту көмегін көрсететін:
амбулаториялық жағдайлардағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарының;
стационарлық жағдайлардағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарының;
жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының;
медициналық оңалту ұйымдарының;
паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың;
денсаулық сақтау ұйымдарының және қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратынөзге де ұйымдардың;
патологиялық-анатомиялық диагностика саласындағы қызметті жүзеге асыратынұйымдардың;
саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының;
АИТВ-инфекциясының профилактикасысаласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының;
туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетімбалаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуындакемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тартуқаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратынденсаулық сақтау ұйымдардың көрсеткіштерін қамтиды.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармағына сәйкес бекітілген мерзім мен мезгілдеденсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар талдаужүргізуге ақпарат көздері болып табылады.
Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық жағдайлардағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері есептеледі.
Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес стационарлық жағдайлардағы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін зерделеу үшін стационарлар жұмысының сапасын және тиімділігін анықтайтын көрсеткіштерге талдаужүргізіледі.
Осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес жеделмедициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес медициналық оңалту ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратынұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістеменің 7-қосымшаға сәйкес патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымның көрсеткіштері есептелінеді.
Осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.