1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет3/84
Дата08.02.2022
өлшемі199,45 Kb.
#120504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта

Әлеуметтік мінез-құлық адамдардың қоғамдағы іс-әрекеттері мен дағдыларын, қылықтарын анықтайды. Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам әрдайым өзін қоршаған басқа адамдар ортасында болады. Сондықтан оның жеке мінез-құлығы да қоршаған ортамен жиі қарым-қатынаста, байланыста болады. Әлеуметтік мінез-құлық бұл адамның қоғамға, басқа адамдарға, қоршаған табиғат пен заттарға қатысты іс-әрекеті. Адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түсіп қана қоймай ,бір заттар арқылы не болмаса табиғат арқылы қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас белгілі бір уақытта және кеңістікте өте күрделі және әр алуан болуы мүмкін. Мысалы, сапасыз өнім шығаратын өндірушінің кесірінен жүздеген адамның денсаулығына зиян келуі мүмкін; ит асыраушының ластығынан , біреулердің киімі бүлінуі мүмкін; Парламенттегі заң шығарушылардың қабылдаған заңдары мен шешімдері көптеген адамдардың өмірін қиындатуы немесе жеңілдетуі мүмкін т.с.с.
Әлеуметтік мінез-құлық әртүрлі болып келеді: альтруистік(альтруизм-басқаның қамын ойлау), эгоистік, заңды мүлтіксіз орындаушы немесе заң бұзушы, ауыр немесе жеңіл мінезді, өжет немесе қорқақ, биязы немесе дөрекі т.б. Бұлар әлеуметтік мінез-құлықтың қоғамдық және жеке мінез құлық факторлары арқылы анықталады. (3-схема)Қоғамдық факторларға қоғамдағы әдет-ғұрыптарды, дәстүрлерді, әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды, қоғамдағы позитивті және негативті мінез-құлықұ шарттарының пайда болуы жатады.
Ал жеке тұлғалық факторлар – бұлар индивидтің өзіне тән қасиеттері. Бұларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Адамның тума инстинкті, психикалық жағдайы,темпераменті.
2.Индивидтің қызығушылықтары мен мақсаттары, әдеттері.
3.Индивидтің өзіндік ерекшелігінің, дербестігінің дәрежесі.
1. Индивидтің өзін-өзі дұрыс бағалай алуы.
2. Жеке адамның қоғамға сай өмір сүруі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуі, әлеуметтік нормаларға сай болуы, өзінің іс-әрекетінде еркін тәуелсіз болуы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет