Әлеуметтену агенттері
Әлеуметтену - білім алудың үздіксіз процесі. Әлеуметтенудің ең маңызды агенті – отбасы. Ата-ананың діни ұстанымы, әлеуметтік деңгейі мен ұлты – баланың мінез-құлқына, нанымына, өзін-өзі бағалауына және қоғамда алатын орнына ықпал ететін әлеуметтенудің маңызды агенті болып табылады.
Қатарластар
Қатарластар тобы дегеніміз - жастары және әлеуметтік мәртебесі бірдей адамдар. Осы топтың әр мүшесі қатарлас деп аталады. Көптеген балалар осы топқа кіруге үлкен мән береді және сол топтың мәдениетін тез қабылдайды.
Кейбір ғалымдардың айтуынша, қатарластардың ықпалы отбасының ықпалына қарағанда анағұрлым күшті. Біріншіден, балалар бірге жүргендіктен олардың қарым-қатынасы мен тәртібінде ұқсастықтар пайда болмайды, керісінше, олар мінез-құлқы мен тәртібі ұқсас болғандықтан достасуы мүмкін, өйткені мормондар басқа мормондарды іздейді, рейверлер өзі сияқтыларды табады. Екіншіден, жасөспірімдер достарының да, ата-аналарының да пікіріне алаңдайды, тіпті достарымен бірге болған кезде ата-аналары қолдамайтын іспен айналысса да оны ата-анасы білмей қалар деген ойда болады.
Мектептер
Әлемде мектеп жасындағы балалар үшін әлеуметтенудің маңызды агенті - мектеп. 5 жасқа дейін мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар - өмірде табысқа жету үшін қажетті негізгі мәдени, әлеуметтік және лингвистикалық дағдыларды меңгереді. Кейін олар мектепте тағы да бәрін басынан бастайды. Мектеп - еңбекке, қызметке, әскерге және басқа да ұйымдарға дайындайтын жаттығу алаңы.
Достарыңызбен бөлісу: |