Нәсілдік және этностық теңсіздіктің орнауы
Бүрмаланған пікір - белгілі бір адамдардың тобы жөнінде дәлелсіз теріс пікірде болу. Ондай пікір фактілердің негізінде емес, оған қарсы пайда болады. Мысалы, Джейн Америкадағы италиялықтардың бәрі мафиямен байланысты деп санаса, заңға бағынатын миллиондаған америкалық италиялықтардан аулақ жүруге тырысады. Егер италиялық адал адам болса, америкалық оны ілуде бір кездесетін ерекше жайт деп шешеді. Сол сияқты, Барак Обаманың АҚШ президенті болып сайлануына кейбір «ақ» америкалықтар қарсылық білдірген. Демек, бұл афроамерикалықтарға қарсы пікір бар екенінің дәлелі. Бұрмаланған көзқарастың ерекше және басты түрлерінің бірі НӘСІЛШІЛДІК.
Нәсілшілдік- жеке тұлғаның қабілеттері нәсілге тән физикалық айырмашылықтарға байланысты және бұл - теңсіздік үшін заңды негіздеме деп санау.Бүгінгі күні нақты нәсілшілдік бұрынғымен салыстырғанда азайған. Оның орнына НӘСІЛШІЛДІК ДАЛЬТОНИЗМГЕ жиі куә боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |