топтары. Жаздырып алу, тарату, сақтау, қолдану түрлері Дәрілік заттардың негізгі түрлері және қолдану әдістері. Емдеу бөлімшелерінде дәрілік заттарды жаздырып алу, сақтау, есебін жүргізу және үлестіру.
Дәрілік терапия емдік шаралардың ең маңыздысы болып табылады. Емнің жетістігі көп жағдайда мейірбикенің тағайындалған дәрілік затты науқасқа білікті және сауатты енгізуіне байланысты болады. Ауруханада емделіп жатқан науқастарға дәрілік заттарды жаздырып алу арнайы талап қағаздарына жазылады. Дәрігер күнделікті бөлімшедегі науқасты қарап, оған қажетті дәрілік заттарды және олардың мөлшерін, қабылдау реттілігі мен енгізу жолдарын медициналық картаға жазып отырады. Бақылаушы мейірбике күнделікті науқастың медициналық картасынан арнайы дәптерге немесе тағайындау парағына көшіріп жазып алады. Бақылаушы және емшара мейірбикелері әрбір науқасқа бөлек-бөлек барлық тағайындалған заттарды жазып белімшенің аға мейірбикесіне береді. Аға мейірбике бұл мәліметтерді жинастырып, белгілі бір форма бойынша жаздырып алады. Науқастарға жасалатын инъекция жайындағы мәліметтер инъекция жасайтын емшаралық мейірбикеге беріледі. Дәріханадан дәрілерді алу жөнінде талап тізімі болады. Бұл талап қағаздарында бөлімше меңгерушісінің колы болуы тиіс.
Бөлімшеде үш күнге жететін қажетті дәрілік заттар болуы тиіс. Улы және есірткі заттар мен этил спиртінің талап қағазы, штампы бар арнайы бланкте латын тілінде жазылып, емдік мекеменің басшысының немесе емдеу жөніндегі орынбасарының қолы мен мөрі қойылады. Бұл кағазда этил спиртінің концентрациясы мен препараттардың енгізу жолдары көрсетіледі. Улы және есірткі, аса тапшы. қымбат дәрілер бөлек жазылып, науқастың аты-жөні, сырқатнамасының нөмірі, диагнозы көрсетіледі. Дәріханадағы дайын дәрілік формаларды аға мейірбике күнделікті алып, ал дайындалуды қажет ететін дәрілерді келесі күні алады. Жедел керекті дәрілік затты дәріхана сол күні дайындап береді. Дәріханадан дәрілік затты алғанда аға мейірбике тапсырысқа сәйкестігін тексереді. Дәріханада дайындалған дәрілік формада препараттың нақты атауы, мөлшері, дайындалған күні және дәрілік затты жасаған фармацевттің қолы жазылған белгілі бір түсті этикеткасы болуы қажет.
Бақылаушы мейірбике түрлі дәрілік заттарды, керектісін тез табу үшін қалай реттеп салу керек? Жарықта бүлінетін, бөлме температурасында өз қасиетін жоғалтатын, буланып улшп кететін дәрілік заттарды қалай, кай жерде сақтау қажет?
Дәрілік заттарды енгізу тәсілдеріне байланысты бөлу қажет. Барлық ампуладағы және флакондағы стерильді ерітінділер емшара бөлмесінде: шыны шкафтың бір қатарында - антибиотиктер мен оның ерітінділері, келесі қатарында тамшылатып кұятын ерітінді флакондары 200-500 мл, қалған қатарларында А (улы) және Б (әсері күшті) тізіміне кірмейтш қораптағы ампулалар ( витамин, дибазол, папаверин, магний сульфат ерітінділері) тұрады.
А және Б тізіміне кіретін дәрілік заттар арнайы шкафтарда (сейфте) сақталады. Сейфтің ішкі жағында олардьщ тізімі көрсетіледі. А тізіміндегі дәрілік заттарды (наркотикалық аналгетиктер, атропин, және т.б.) және Б тізіміндегі заттарды (аминазин және т.б.) белек жабылатын бір сейфте сақтауға болады.
Дәріханада дайындалған залалсыз ерітінділердің сақталу мерзімі үш күн. Егер олар осы уақыт ішінде пайдаланылмаса, жарамсыздық белгілері (түсінің, мөлдірлігінің езгеруі) болмаса да оларды төгіп тастаған жөн.
Сыртқы және ішке енгізуге арналған дәрілік заттар бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнындағы шкафта «Сыртқы қолдануға арналған» және «Ішке қолдануға арналған» деген жазулары бар әртүрлі сөрелерде сақталады. Дәріханада дайындалған сыртқы қолдануға арналған дәрілік формалардын этикеткасы сары, ал ішке колдануга арналғандардың этикеткасы ақ болады.
Дәрілік заттар қажетті препаратты тез тауып алуға болатындай етіп орналастырылуы қажет. Бұл үшін тағайындалуына байланысты жүйелендіріп, жеке ыдыстарға салған жөн. Мысалы, антибиотиктср (ампициллин, оксациллин және т.б.) сыртына «Антибиотиктср» деп жазылған бір ыдысқа салынады; артериялық қысымды төмендететін заттар (папаверин, дибазол, раунатин және т.б.) басқа ыдысқа салынып, сыртына «Гипотензивті заттар» деп жазылады және т.б.
Жарықта ыдырайтын дәрілік заттар (сол себептен оларды күңгірт флаконда шығарады) жарьщтан корғалған жерде сакталады.
Күшті иісті дәрілік заттар жеке сақталынады.
Тез бұзылатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар), сондай-ақ майлар, вакциналар, сары сулар дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқышқа орналастырылады. Тұнбалар, қайнатпалар, және микстуралардың тоңазытқышта сақталу мерзімі үш күннен аспауы керек. Мұндай дәрілік заттардың жарамсыздык белгілері - лайлануы, түсінің өзіеруі және жағымсыз иістің пайда болуы. Майдың жарамсыздық белгілері - түсінің езгеруі, қабыршақтануы, көгерген иістің болуы.
Спиртте дайындалған тұнбалар, ерітінділер, экстрактар уақыт өткен сайын спирттің булануына байланысты қоюлана түсетінін ескерген жөн. Сондықтан бул дәрілік заттарды тығындары жақсы жабылатый флакондарда сақтаған жөн.
Сондай-ақ, өз түсін өзгерткен таблеткалар мен ұнтактар қолдануға жарамсыз.
Бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнында, емшаралық бөлмедегідей сыртқы және ішке қолдануга арналған А және Б топтағы, сондай-ақ тапшы және қымбат дәрілік заттарды сақтауға арналған сейф болуы керек. Сейфтің кілтін еткізу арнайы дәптерге тіркеледі. Сейфте сақталатын дәрілік заттардьщ шығынын есептеу үшін арнайы журналдар болуы керек. Бұл журналдар сейфте сақталады және белгілі бір форма бойынша толтырылады. А және Б топтағы дәрілік заттар шығынының жылдық есебін аға мейірбик жүргізеді.
Дәрілік заттарды таратудың неғұрлым ұтымды тәсілі :
1) жылжымалы үстелшеге қатты дәрілік формалар бар ыдысты, сұйық дәрілік формалар бар флаконды. пипеткаларды (әрбір флаконға жеке-жеке), мензуркаларды, суы бар графинді, қайшыларды, тағайындау қағаздарын қойыныз;
2) науқастан науқасқа өте отырып, дәрілік заттарды науқастың төсегінің жанында, тағайындау қағазына сәйкес, берген жөн
3) дәрілік заттарды науқас сіз жанында тұрғанда қабылдағаны жөн. Дәрілік заттарды таратудың осындай ретінің артықшылығы айқын.
Біріншіден, мейірбике науқастың дәріні қабылдағанын қадағалай алады. Екіншіден, мейірбике науқастың қандай дәрілерді қабылдайтыны және оның тағайындалуы туралы сұрақтарына жауап бере алады. Үшіншіден, дәрілік заттарды тарату кезінде қателіктер болмайды.
Кейбір емдеу бөлімшелерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу үшін дәрілік заттарды науқастың аты-жөні, палатасы көрсетілген торларға бөлінген астаушаға алдын ала салып қояды да күніне үш рет науқастарға таратады.
Дәрілік заттарды таратудың мұндай жолының елеулі кемшілігі бар:
1) науқастың дәрілік затты қабылдағанын қадағалау мүмкін емес;
2) таратудың жекелей схемасы сақталынбайды (дәрілік заттардың барлығы тәулігіне үш рет кабылданбайды- кейде тәулігіне 4-6 рет, кейбіреуі асқа дейін, кейбіреуі - астан кейін немесе ас кезінде, ал үшіншілері - түнге қарай);
3) кателіктер болуы мүмкін (бір науқасқа тағайындалған дәрілер, мейірбикенің көңіл коймауынан, басқа науқасқа арналған торға салынып кетуі мүмкін);
4) тағайындалған дәрілік заттар туралы науқастың сұрағына жауап беру қиындайды, өйткені дәрілер астаушада дәріхананың қорабынсыз болады. Мейірбике дәріні және оның мөлшерін, әсіресе әсер етуін көбінесе айта алмайды да науқастың сенімсіздігін және өзіне белгісіз дәрілерді ішкісі келмеуін туғызуы мүмкін.
Дәрілік заттарды тарату ережелері:
1) дәрінің сыртындағы этикетканы және тағайындау қағазындағы белгілеуді мұхият оқыңыз;
2) дәрілік заттарды тек науқастын төсегінің жанында ғана таратыңыз;
3) науқас дәрілік затты сіз тұрғанда қабылдауы қажет (ас кезінде қабылдайтын дәрілерден басқасын);
4) асқа дейін қабылдау белгіленген дәрілерді науқастар тамақ ішер алдында 15 минут бұрын қабылдауы керек; астан кейін қабылдау белгіленген дәрілер тамақ ішкеннен кейін 15 минуттан соң қабылдануы керек; аш қарынға қабылдауға белгіленген дәрілер таңертең таңғы асқа дейін 20 - 60 минут бұрын қабылдануы керек (кұртқа қарсы, босаңсытатын);
5) ұйықтататын дәрілерді науқастар ұйқыға дейін 30 минут бұрын қабылдауы керек;
6) нитроглицерин мен валидол үнемі науқастын төсегінің жанындағы үстелшеде болуы керек;
Мейірбикенің дәрілік заттарды тағайындауға немесе алып тастауға немесе басқа дәрілермен ауыстыруға кұкысы жоқ. Науқас шұғыл көмекті қажет ету немесе дәрілік заттарды көтере алмау жағдайы бұған жатпайды. Кез келген жағдайда тағайындауға енгізілген өзгерістер туралы дәрігерге ескерткен жөн. Егер дәрілік зат науқасқа қателесіп берілсе немесе оның бір реттік мөлшері асып кетсе, бұл туралы дәрігерге бірден айтылуы керек.
Дәрілік заттар резорбты (кан аркылы) және жергілікті әсер етуі мүмкін. Дәрілік заттардың әсер ету механизміне байланысты оларды енгізу жолдарын ажыратады.
Резорбты әсер ету энтеральды (асқорыту жолдары арқылы, мысалы, таблеткалар, микстуралар қабылдау) және парентеральды (асқорыту жолына соқпай, мысалы, бұлшық еттік инъекциялар) жолдар аркылы жүзеге асырылады.
Сыртқы қолдануға арналған дәрілік заттар жергілікті әсер етеді (мысалы, майлар, ингаляциялар).