3.Дәрілік заттарды энтеральді және ингаляциялық жолдармен енгізу
Дәрілік заттарды энтеральды қолдану тәсілдері
Ішке дәрілер ауыз арқылы (рег оs). тік ішекке (рег гесеtum) және тіп астына (sub lingua) енгізіледі. Бұл тәсілдердің көмегімен жергілікті, резорбтивті және рефлекторлы әсер беруге болады.
Дәрілерді көбінесе ауыз арқылы енгізу қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы оның қарапайымдығында, дәрілерді әртүрлі формада залалсызданбаған түрінде енізуге болатындығында.
Оның кемшіліктері:
1.Дәрінің жалпы қан айналымына баяу түсуі (асқазанның толуына, қабылданған ас сапасына, дәрілердің сіңірілу қабілетіне байланысты). Асқазанның шырышты қабаты арқылы ендірілу де баяу жүреді, тек майға еритін заттар ғана сіңіріледі, және сіңірілу үрдісі негізінде ішекте өтеді. Бірак дәрілік заттардың қанға баяу түсуі әркашан кемшілік болып табылмайды. Мысалы, ішке бір рет қабылдағаннан кейін жалпы қан айналымына ұзақ уақыт бірқалыпты түсуі үшін арнайы жасалынгған дәрілік формалар болады.
2. Тамақтың заттармен өзара әрекеттесуінің және бауырдағы химиялық өзгерістердің нәтижесінде асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілердің ыдырауға дейін өзгеруі (адсорбция, еру, химиялық реакциялар). Бұл барлық дәрілер үшін дұрыс бола бермейді. Мысалы, кейбір дәрілік заттар белсенді емес түрінде шығарылады, олар бауырда өзгеріске ұшырағаннан кейін ғана әсер ете бастайды. Мысалы, гипотензивті препарат эналаприл ренетик әсер ету үшін алдымен бауырда өзінің белсенді түріне (эналаприлат) ауысуы керек.
3. Заттың сіңірілу жылдамдығының және сіңірілген мөлшерінің белгісіз болуының себебінен дәрінің қандағы және тіндердегі мөлшерін анық білуге мүмкіндік жоқ. Бұл теріс әсерді азайту үшін дәрілерді ас алдында қабылдайды (асқазанның шырышты қабатын тітіркендіретін дәрілерден басқаларын), капсулаға салу арқылы асқазан сөлінің әсерінен қорғайды, он екі елі ішекке зонд арқылы енгізеді.
Асказан-ішек жолдары мен бауырдың аурулары дәрілік заттардың сіңірілу жылдамдығы мен толықтығына ерекше өзгерістер енгізеді.
Ауыз арқылы дәрілер ұнтақ, таблетка, пилюля, ерітінді, тұнба (сулы және спиртті), қайнатпа, экстрактар, микстуралар (қоспалар) түрінде енгізіледі.
Ұнтақты мейірбике тілдің түбіріне төгеді де су ішкізеді. Таблетка мен пилюляны да науқас солай қабылдайды. Балалар таблетканы немесе ұнтақты іше алмау мүмкін, сондықтан оларды суға езіп береді.
Ерітінділерді, сулы тұнбалар мен микстураларды үлкен адамдар ас қасықпен (15 г), балалар шай қасықпен (5 г) немесе орташа қасықпен (7,5 г) ішеді. Бұл үшін сәйкес бөлімдері бар мензурканы пайдалану ұсынылады. Жағымсыз иісті сұйық дәрілерді сумен ішеді.
Спиртті тұнбалар мен кейбір ерітінділерді науқастар тамшы түрінде қабылдайды. Тамшының қажетті мөлшерін пипеткамен немесе арнайы лайықталған флакон болса бірден флаконнан санап кұйған жөн. Қабылдар алдында тамшыларды аздаған суда ерітеді де сумен ішеді. Егер тамшыны санағанда қате кетсе, дәріні төгіп тастап (флаконға емес), мензурканы шайып, тамшының қажетті мөлшерін қайтадан тамызу керек. Есептеу үшін 1 г суда 20 тамшы, 1г шыны с - 65 тамшы, 1г эфирде - 85 тамшы болатынын білу керек.
Дәрілерді тік ішекке енгізудің мынандай артықшылықтары бар:
1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы
2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
3. Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұғынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық сырқаттарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу козумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.
Тік ішекте ферменттердің болмауы бұл тәсілдің артықшылығы ғана болып қоймай, оның кемшілігі де болып табылады, өйткені белоктық, майлық, полисахаридтік құрамды дәрілер ферменттердің қатысуынсыз ішектің қабырғасы арқылы өте алмайды, және олар жергілікті әсер ету мақсатында қолданылуы мүмкін.
Тік ішекке енгізу үшін балауыздар мен дәрілік клизмалар қолданылады. Дәрінің ерітіндісін 50-200 мл мөлшерінде алдын ала тазалау клизмасымен босатылған тік ішекке 7 - 8 см тереңдікке енгізеді. Балауыздарды майлы негізде дайындайды, ұзартылған конус пішініне келтіреді де балауыз қакама орайды. Оларды тоңазытқышта сақтаған жөн. Кіргізер алдында балауыздың үшкірленген жағын қағаздан шығарады да қабы қолда қалатындай етіп тік ішекке енгізеді.
Дэріні тіл астына салғанда тез сіңіріледі, асқорытатын ферменттермен бұзылмайды және бауырға соқпай жалпы қан айналу шеңберіне түседі. Бірақ мұндай тәсілді тек аздаған мөлшерде қолданылатын дәрілерді енгізу үшін пайдалануға болады (нитроглицерин, кейбір гормондар).
Дәрілерді тыныс жолдарына енгізу
Тыныс жолдары мен өкпенің әртүрлі ауруларында дәрілерді бірден тыныс жолдарына енгізу қолданылады. Көбінесе дәрілік зат аэрозоль түрінде онымен дем алу - ингаляция - арқылы енгізіледі, кейде дәрі ерітіндісі резеңке түтік немесе арнайы кұрал - бронхоскоптың түтікшесі арқылы кеңірдекке кұйылады. Пенициллинді интратрахеальды енгізу өкпенің жедел және созылмалы абсцесін (іріңді ісік) емдеуде жақсы нәтиже береді. Дәріні тыныс жолына енгізгенде жергілікті, резорбтиигі және рефлекторлы әсер етуге болады.
Жоғарғы тыныс жолдарының жай қабынуы мен баспаны емдеуде қарапайым ингалятордың көмегімен булы ингаляция жасау бұрыннан бері қолданылып келе жатыр. Жылытылып тұрған сулы бөшкеде пайда болған бу ағыны бүріккіштің көлденең түтігімен шығарылады да тік бөлігіндегі ауаны сиретеді, осының салдарынан дәрілік ерітінді стаканнан тік түтіктің бойымен көтеріледі де бумен ұсак бөлшектерге бөлінеді. Дәрі бөлшектері бар бу шыны түтікке түседі, оны науқас аузына салып 5-10 минут сонымен тыныс алады (демді ауызбен алып, мұрынмен шығарады). Үйде ингалятордың орнына шәйнекті қолдануға болады, оның тұмсығына қағаз немесе пластмасс түтік кигізіледі, ауыз арқылы дем алады, шәйнекке шөптің тұнбаларын және сода құюға болады.
Булы ингаляторда дәрі бөлшектері біршама ірі болады, сондықтан олар өкпеге жетпей жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатында тұрып қалады. Неғұрлым ұсақ бөлшекті (альвеолаларға жете алатындай) аэрозоль болу үшін күрделі бейімделулері бар ингаляторлар қолданылады, бірақ ол да бүріккіш үшбұрыш қағидасына негізделген. Аэрозоль жасау үшін будың орнына ауа немесе оттегі пайдаланылады, оны бүріккіштің көлденең түтігіне әртүрлі қысыммен айдайды, ал тік түтікпен дәрі көтеріледі, мысалы пенициллинннің ерітіндісі, онымен науқас белгілі бір уақыт бойы тағайындалған мөлшеріне жеткенше дем алады.
Дәрілерді сыртқа қолдану тәсілдері
І . Дәріні теріге май, эмульсия, ертінді, тұнба және т.б. формада жағады. Қолданылуы көбінесе жергілікті әсерге, айқын дәрежедегі рефлекторлы және аздаған дәрежедегі резорбты әсерге негізделген. Зақымдалмаған терінің сіңіру қабілеті көп емес, тек майға еритін заттар, көбінесе шаш фолликулалары мен май бездерінің шығару жолдары арқылы сіңіріледі.
Қолдану тәсілдері: жағу, компрестер, ұнтақ себулер, сүртулер, жарақатты таңу. Дәріні жағу әрқашан таза теріге, таза құрал-саймандармен және мұқият жуылған қолдармен жүргізіледі.
Теріні зарарсыздау немесе рефлекторлы әсер ету үшін науқастың терісіне йод тұнбасын немесе 70% спирт ерітіндісін жағады. Бұл үшін мақта тампоны бар залалсыздандырылған таяқшаны йодқа малып, теріге жағады (содан кейін таяқшаны лақтырып тастайды). Мақтаны йодқа малу үшін таяқшаны йоды бар флаконға батырмайды, флаконның ішіндегі йодты мақта үлпіршектерімен ластамау үшін йод тұнбасын жайпақ ыдысқа біраз кұйып алған жөн. Йод тұнбасы тығыны тығыз жабылмайтын ыдыста ұзақ сақталғанда спирттің булануы есебінен оның қоюлануы мүмкін. Қоюланған йод тұнбасын терінің нәзік бөлімдеріне жағу күйдіруі мүмкін.
2. Көз ауруларын емдегенде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері және майлар қолданылады. Қолдану мақсаты - жергілікті әсер, бірақ конъюктивтің сіңіру кабілетінің жақсылығын есте сақтаған жөн және осы мүмкіндікті ескере отырып мөлшерлеу керек. Көзге дәрі тамызу пипеткамен жасалынады. Бұл үшін төменгі қабақты тартып тұрып шырышты қабатқа тамшыны тамызады. Көз майын арнайы шыны қалақшамен көздің сыртқы бұрышына конъюктивтің шырышты қабаты мен көз алмасы арасындағы сызыққа жағылады
3.Мұрынға дәріні жергілікті, резорбты, рефлекторлы әсер ету мақсатында ұнтақ, бу (амилнитрат, мүсәтір спирті), ерітінді және май түрінде қолданады. Ұнтақтар мұрынға дем алған ауамен кіреді: оң жақ мұрын қуысын жауып тұрып, ұнтақты сол жақ мұрын қуысы арқылы ішке тартады және керісінше. Тамшыларды пипеткамен енгізеді, бұл кезде науқас басын артқа қарай шалқайтады. Майды шыны қалақшамен жағады. Жағуды дәрігер зондқа оралған мақта тампонымен жүргізеді, содан кейін мақта тампонын лақтырып тастайды, ал зонд дезерітіндіде залалсыздандырылады.
4. Құлаққа да дәрі пипеткамен тамызылады. Дәрілік заттардың майлы ерітінділерін дене температурасына дейін жылытқан жөн. Оң жақ есту жолына тамызғанда науқас сол жақ қырына жатады немесе басын солға қарай қисайтады, және керісінше. Дәріні енгізгенннен кейін сыртқы есту жолы мақта тампонымен жабылады.
5. Әйел жыныс жолдарына әсер ету үшін жағуға және жуып-шаюға арналған дәрілер қынапқа какао-майда жасалынған шариктер, әртүрлі сұйықтықтар мен майларға матырылған мақта-дәкелік тампондар, ұнтақтар, ерітінділер түрінде енгізіледі. Медикаменттер кебінесе жергілікті әсер етеді, өйткені қынаптың зақымданбаған шырышты қабаты арқылы аз мөлшерде сіңіріледі, шайып жуу арнайы қынаптық ұштығы бар Эсмарх кружкасының көмегімен немесе алмұрт тәрізді резеңке баллонмен жүргізіледі, бұл кезде наукастың бөксесінің астына дәрет ыдысын қояды. Жуып шаю үшін дәрігердің тағайындауымен дәрілердің жылы ерітінділері немесе емдік шөптердің тұнбалары қолданылады.
Дәріні енгізудің ең қарапайым, ыңғайлы тәсілі оларды ішке ұнтақ, түймедақ, пилюля, тамшы және микстура түрінде қабылдау. Энтеральды енгізу дәрілерінің артықшылығы сол формада қолданылады, ал кемшілігі ас қорыту жолында баяу сіңіріледі.
Ұнтақ дәріні сумен ішеді, капсуланы тіліне қойып сумен жұтады. Дәрінің сулы ерітіндісін 5, 10, 15, 20 мл бөлінген медициналық стаканмен ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |