14.Сау адамның тамақтану тәртібі. Науқастарды тамақтандыру
НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Дені сау адамның тамақтану тәртібі.
Емдеу алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру. Емдәмдік мәзір туралы түсінік.
Тамақтану ағзаның физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Адам ағзасына қажетті заттарды тағам арқылы алады, олар ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер және сулар. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан 4 ккал, 1 гр майдан - 9 ккал, 1 гр көмірсудан - 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес кұрастырылуы керек 100 - 120 г, өсімдік - 40 гр, жануар майы - 85 - 90 гр, өсімдік - 10 - 15 гр, көмірсулар - 400 - 500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тағам салмағы З кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Орта есеппен алғанда ересек адамдарда энергияның физиологиялық қажеггілігі Ресейде 2500 ккал (І996, 1998), Европаның көптеген мемлекеттерінде және АҚШ-та - 2200 - 2500 ккал деп анықталған төсек тартып жатқан науқастарда энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Белоктар, майлар, минералдың заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін «кұрлыстық» заттар болып табылады.
Ақуыздар - тірі клеткалардың негізі, олар ферментгер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды Ақуыздар жануар тағамдарының (сүт, ет, бальщ) және өсімдіктердің ( нан, жарма, бұршақ) құрамында кездеседі. Ресейде физикалық жұмыспен және спортпен шұғылданбайтын 18-29 жастағы дені сау адамның 1 кг дене салмағына тәулігіне орта есеппен 1,0 г ақуыз қажет. Европада және АҚШ—та ақуызға қажеттілік төмендеу, 1 кі дене салмағына - 0,75 - 0,85 г ақуыз . жануар ақуызы жалпы ақуыз мөлшерінің 50 пайызын кұрайды ( ресейде - 55 пайыз).
Майлар-ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Клеткалық мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Майлар арқылы ағзаға А, Д, Е дәрумендері, ауыстырылмайтын май қышқылдары, лецитин сияқты тіршілігіне қажетті заттар түсіп отырады. Майлар кейбір минералды заттар мен майда еритін дәрумендердің ішек арқылы сіңірілуін қамтамасыз етеді. Майлы тіндер - энергиялық заттардың белсенді қоры. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдерде тамақтануға жануар майлары көп мөлшерде қолданылады.
Көмірусулар - тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50 - 60 пайызын қамтамасыз етеді. Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасуы үшін қажет. Көмірсулар негізі өсімдік тағамдарында болады. Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мелшерде бөледі. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 18-30 жастағы ерлер мен әйелдерде 360 және 300 г, немесе 1 кг қалыпты дене салмағына 5 г. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80 пайызына жуығы крахмалдың (дәнді тағамдар, бұршақ, картоп) 15 пайызы - жеңіл қортылатын жай көмірсулардың, оның ішінде қант және кұрамында қанты бар тағамдардың, 5 пайызы - тағамдық талшықтардың (жеміс- жидектер, дәндер) үлесіне жатады.
Су - тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу үрдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттарының шығарылуын, жылу реттеуді және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2/3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10 пайызынан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Суға қажеттілік тамақтану сипатына және еңбегіне, климатка, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 литр. Адам 1 - 1,5 л суды сұйықтық (сорпа, шай, компот) арқылы, 1 - 1,5 л -тағам өнімдерінен алады, 0,3 - 0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.
Минералды заттар - (натрий, калий, кальций, фосфор, темір, магний) - ағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Кальций мен фосфор сүйек, жүйке және бұлшық ет тіндерінің маңызды кұраушылары болып табылады. Натрий әртүрлі мүшелерге қозудың жүйке арқылы өткізілуінде елеулі роль атқарады, ағзада суды іркілтеді, қан тамыр қабырғасының жеткілікті тонусын қамтамасыз етеді. Калий бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің қозу, жиырылу және босаңсу үрдісіне қатысады.
Дәрумендер - тағамдык мәзірдің міндетті түрде болуы қажет және алмастырылмайтын кұраушы бөлігі болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гипо- немесе авитаминозға әкелуі ықтимал,
Достарыңызбен бөлісу: |