5) Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басып, инені шығарыңыз. Тері астылық инъекция Біраз тереңірек, оны 15 мм тереңдікке жасайды. Тері астылық инъекция жасағанда ірі тамырлар мен жүйке жолдары жақын жерлерге жоламау керек. Инъекция жасауға неғұрлым ыңғайлы жерлер: сан мен иықтың сыртқы жағы, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы. Иненің ұзындығы - 20 мм, кесілген жері - 0,4 мм. 1) Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке матырылған екі домалақ мақтамен екі рет өңдеңіз, алдымен үлкен аймақты, содан кейін инъекция жасайтын жерді; 2) Сол колмен теріні түбі төмен қараған үшбұрышты қыртысқа жинайды; 3) Оң қолдың екінші саусағымен инені, бесінші саусақпен -поршеньді, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, 4) Инені тез жылдамдықпен сол қолдын 1 және 2 саусақтарының арасынан үшбұрыштың табанына 45° бұрышпен кесілген жерін жоғары қаратып 1-2 см терендікке (иненің ұзындығының 2/3) кіргізеді. Сүк саусақпен иненін канюлясын ұстап тұрады: 5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты ақырындап енгізіңіз. Шприцті бір қолдан бір қолға ауыстырмауға тырысыңыз: 6)Инені канюлясынан ұстап тұрып, шығарып алыңыз. Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басыңыз; 7) Мақтаны теріден алмай инъекцияның орнын сәл уқалаңыз. Бұлшық еттік инъекциялар Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.