Анализге көк тамырдан қанды алу әдісі. Қан ағызу іс-шаралары Аналиизге көк тамырдан қан лау әдісі
Іс-әрекетке дайындық:
1. науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
2. науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз;
3.қолғапты киіңіз;
4. шынтақ астына жастықша койыңыз;
5. иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байланыз;
Іс-әрекеттің орындалуы
1.шынтақ иінін спиртке батырылған 2 мақта шаригімен тазалау;
2. науқасқа колын ашып-жұмып жұмыс істеуін сұрау;
3. шынтақ иініндегі көк тамырды сол қолдың улкен саусағымен бекітіп ұстау;
4. иненің қиылысын жоғары қаратып, бұрыштап ұстап әуелі теріні, содан соң көк тамырды тесу.
5.иненің канюласынан қан көрінгеннен кейін, иненің канюласына пробирканы кигізу қажет мөлшердегі қанды алу;
6. резеңке бұрауды шешіп, науқас жұмған қолын ашады;
7. инъекция жасаған жерді спиртке батырылған мақта шаригімен басып инені шығарып алу;
8. науқасқа шынтақ иінін қысып ұстауын сұрау;
9.зертханаға жолдама жазу.
Қан ағызу
Қан ағызу бұл қан тамырлық жүйеден белгілі бір мөлшерде қанды алу. Қанды ағызғанда қанайналымдағы канның жалпы көлемі азайып, артериялық және венозды кысым төмендеп, қанның тұтқырлығы төмендейді. Қазіргі кезде әсері жоғары гипотензивті препараттардың болуына байланысты қан ағызу өте сирек жүргізіледі (гипотензивті заттарға сезімталдығы болғанда).
Керсеткіші: гипертониялық криз, өкпе шемені, жедел ми қанайналымының бұзылысының геморагиялық түрі.
Қарама-қарсы көрсеткіші: қан жоғалту, түрлі себепті шоктар, әр-түрлі себепті анемиялар.
Іс-әрекетке дайындық
1. науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
2. науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз;
3. қолғапты киіңіз;
4. шынтақ астына жастықша қойыңыз;
5. иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |