1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы



бет37/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

38.Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы.
Кейінгі ортағасырлық Қазақстан тарихындағы маңызы өте жоғары оқиғалардың біріне — Қазақ хандығының құрылуы жататындығы баршаға мәлім. Ұлттық сипаттағы мемлекеттің тарих төріне шығуымен қазақ жеріндегі ежелгі замандардан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық, мәдени, рухани, мемлекеттілік және тағы басқа үрдістер өзінің этникалық межесіне жетіп, одан кейінгі тарихи кезеңдерде жаңа сипатта дами бастайды.
Қазақ хандығының құрылуы — сонымен қатар қазақ тарихында хандық дәуір деп аталатын жаңа тарихи кезеңнің пердесін ашып береді. Осы айтылғандардың бәрі Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын көрсетсе керек. Соған қарамастан Қазақ хандығының құрылуы мәселесі ұзақ уақыттар бойы толық шешімін таппай келді. Оның ең басты себебіне мәселеге қатысты жазба деректердің тапшылығы жатса керек. Үстіртін қарағанда осы мәселеге қатысты жазба деректер өте аз болып көрінгенімен, мәселенің әртүрлі аспектілеріне тереңірек үңілсек жазба деректердің біршама бар екендігіне көз жеткізуге болады. Бірақта олардың үзік-үзік, әрі шашыраңқы және әр түрлі тілдердегі туындыларда болуы, сондай-ақ әртүрлі тарихи кезеңдерде жазылуы зерттеушілерге көптеген қиындықтар туғызады.
Соған байланысты Қазақстан тарихының кейінгі ортағасырлық дәуірімен айналысатын зерттеуші мамандар осы мәселеге қатысты жазба деректерді жүйелеуді қолға алып, мәселеге қатысты дерек мәліметтерін бірізділікке түсіру үшін бірнеше принциптерді ұсынады. Сондай принциптердің біріне – әулеттік принцип негізге алынып, ол бойынша Қазақстан тарихының жоғарыда аталған кезеңіне қатысты парсы тіліндегі тарихи шығармалар темірлік, шибанилық, аштарханилық, шағатайлық, хиуалық деректер деп топтастырылады.


39.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы.
Қазақ хандығын нығайтуға зор күш жұмсаған Қасым хан қайтыс болғансоң (1523ж) оның мұранерлері арасында енжарлық және өкімет билігіне таласқан ішкі феодалдық қырқыстар туды. Қасым ханның баласы баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, көп ұзамай өзара қырқысқан ұрыстардың бірінде қаза тапты . Бұдан соң Қасымның немере інісі Таһир хан болды. Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тыя алмады, соған қарамастан төңірегіндегі елдердің бәрімен жауласты.
Таһир хан қазақ хандығының барлық жеріне бірдей бейлік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюіне және ханның қаталдығына наразы болған халық шетінен жарылып шығып, көшіп кетіп отырды. Осындай күрделі жағдайлармен бетпе бет келген Хақназар хан (1538 – 1580) Қазақ хандығының жауласып келген Мауарннахрдағы Шайбани әулиетімен одақтасуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі – Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылды тоқтатты. Сөйтіп Шайбани әулиетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла — II мен қазақ хан Хақназар айрылмастай дос болып, өзара көмектесу жөнінде анттасып шарт жасасты.
Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы өте орынды болды.
XVI ғасырдың 60 – 70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда – саттық қарым – қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Тәуекел ханның тұсында (1582-1598ж.) қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды.
1583жылы Сырдариядағы Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Самарқан мен Бұхараға жорық жасау кезнде жараланып қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: «Тарихи – и – Кипчаки » (Қыпшақ тарихы) атты еңбектің авторы былай дейді: «Қазақ Тәуекел Әлді – Момын ханды өлтіріп, Пір – Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін (жолға)
шықты. » Ол (әуелі) Ташкентті қаратты, содан соң Самарқанды басып алды (және Бұхараға қарай) бет бұрды. Пір – Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін еместеп тауып, қамалға бекінді. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан (және оның әскері) Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр – аяғында қазақтар жеңліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір – Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Кескілескен шайқас нәтежесінде Тәуекел ауыр жараланды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге аттанды.
Жүздердің құрылуы. Этникалық құрамы, территориясы.
Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуыерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс. Ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде үш этникалық-аймақтық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қалыптасты. Ұлы жүздің негізгі аумағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағы. Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның даласындағы жазғы жайлау Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы болды. Ал Батыс Қазақстандағынегізгі маусымдық жайылымдар мен көші-қону жолдары, Сыр мен Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларында Кіші жүз қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет