1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер



бет5/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

5.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Қазақстан – жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Жартастардағы салынған суреттер – андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді. 
Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан терри­ториясында орна­ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» [1] 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған[2].
Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру­лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді[3].
Тамғалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген. Суреттер тақырыбы әр түрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбандық шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолданып, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескерген. «Тасқа таңба басқандай» деген беріктікті білдіретін теңеу тілімізде содан қалған.
Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше суретті көруге мүмкіндік болатын. Петроглиф – ғылыми термин, археологтардың еншісіне тиген зерттеу нысаны. Петро (petra) грекше тас деген сөз, glyphe – ою, ойма, бедер. Адам нәсілі ежелден тасқа ерекше құмар. Тас ғасырда тас оның күн көрісіндегі ең қажет құралы болды. Тастың символикасы мен қасиеті көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет