1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі



бет83/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

95. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі
Өнеркісіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары Егер индустрияландырудың алғашқы жылдары, әсіресе алғашқы бес-жылдықтың бастапқы кезінде Қазақстан КСРО-ның жетекші индустриялық аудандарын ауыл шаруашылығы шикізатымен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймақ ретінде танылса, 30-жылдары республика өнеркәсіптің өндіруші салаларының көмір, мұнай, түсті металдар, тұз т.б. өнімдерін беретін шикізат көзіне айнала бастады. Сөйтіп Қазақстан индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары кең көлемді сипаталып, ауыл шаруашылығы ғана емес, ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын да қамтыды.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынды иеленді: республика 1939 жылы елдегі барлық қорытылған қорғасынның 84,8%-ын берді, оның ішінде Шымкент зауытының үлесі 62,7%, Риддер комбинатынікі - 22,7% болды. Қазақстан 1939 жылы КСРО бойынша алынған өңделмеген мыстың 16,2%-ын өндірді. Мұның ішінде Балқаш мыс комбинатының үлесі 8,2%, Қарсақбай мыс комбинатынікі 4,1%, Ертіс мыс зауытының үлесі 3,6% болды. Түсті металдарды, көмірді, мұнайды және басқа да пайдалы қазбаларды шығаруға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанның елсіз және жартылай елді мекендерінде жаңадан құрылған осы кәсіпорындардың көпшілігі бірден одақтық маңызға ие болды. Бұл Қазақстанда шығарылатын түсті металдардың, мұнайдың, көмірдің, басқа да пайдалы қазбалардың КСРО-ның индустриясы дамыған аймақтарына жіберілетініне ғана байланысты болған жоқ, сонымен бірге ол байлықтарды өндіру ісінде тұтас елді шетелдерге тәуелді болудан құтқаруға көмектесті. Мұндай жағдай ең алдымен Қазақстанда асыл, сирек және түсті металдар шығарылуының дамуына қатысты болды, оларға деген қажеттілік машина жасау құрылыстары мен осы саланың өсуіне сәйкес күрт өсе түсті.
Түсті металдардын, әсіресе мыс пен қорғасынның бай қорлары Қазақстанның оларды өндіруден КСРО бойынша жетекші орынға шығуына мүмкіндік берді. Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1929 жылғы 2 тамыздағы «Түсті металдар өнеркәсібін дамыту болашағы туралы» қаулыда басты назар аударатын аймақтар ішінде «даму келешегі зор негізгі нысан» ретінде Қазақ Автономиясы, Социалистік Республикасы аталды. Осы мезгіл қарсаңында Қарсақбай және Ридцер мыс балқыту зауыттары қалпына келтіріліп, жобадағы қуатқа жеткен болатын, ал екінші бесжылдықта олар техникалық жағынан түпкілікті қайта құрылды. Кенді Алтайда Ертіс (Глубокое) қорғасын зауыты, ал Қазақстанның оңтүстігінде 1934 жылы КСРО-дағы аса ірі кәсіпорын - құрамында кен орындары, Қаратаудағы байыту фабрикасы бар Шымкент қорғасын зауыты бой көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет