Мазмұны
1.Өмірбаяны
2.Шығармашылығы
3.Ол туралы ғалымдар пікірі
5.Дереккөздер
Бабажанов Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы - 1871, сонда) — этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы. Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алып,оны 1845 жылы тәмәмдайды,алты жылдан соң Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөлімшесін бітіреді. 1852-1855 жылдары Орынбор шекара комиссиясы кеңесінде,1855-1861 жылдары Ішкі Орданың уақытша кеңесінде кеңесші болып қызмет атқарады. 1866-1871 жылдары Ішкі Орданың Қамыс-Самар бөлімін басқарады.Ол көне ескерткіштерді зерттеумен шұғылданған және халық ауыз әдебиетін жинаумен айналысқан.
Әкесі - Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет көтерілісінде жиі айтылатын Қарауылқожа Бабажанов. Салықтың анасының аты Жәмила, жұбайы Ғазиза атақты күйші Дәулеткерейдің қарындасы.
Достарыңызбен бөлісу: |