24. Түгендеуді жүргізудің дұрыстығын тексеру. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу әдісі ол кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерінің нақты бір кезеңде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма-сай дұрыс екендігін анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы, бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты тексеру құжаты "инвентарлық тізімде" анықталған сомамен салыстыру арқылы анықталады. аудитор түгелдеу жұмысы туралы өзінің қорытындысын жасайды. Ал, кездейсоқ, өрескел жағдайлар анықталса тапсырушыға арнайы әр фактілер туралы жеке-жеке анықтама жасап тапсырылады, ол бірақ аудиттің құпиялық принципін сақтау тәртібімен жүргізіледі.