1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Жарғылық капитал аудиті және ықтимал бұзушылықтар



бет48/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

51. Жарғылық капитал аудиті және ықтимал бұзушылықтар.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезектек келесі жағдайларды қарастырады: а) жарғылық капитал көлемінің құқықтық-нормативтік акті талаптарына сай болуын; ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын; б) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корресспонденциялардың дұрыстығы. Жарғылық капитал аудитінің бағдарламасы:

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру

Баланс, Бас кітап

Жарғылық капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығы

Бас кітап,13 журнал-ордер

Жарғылық капиталды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру

Қолданылып жүрген зағнама, құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама

Құрылтайшылардың жарнасын кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру

НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар және т.б.

Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру

Құрылтайшылардың және акционерлердің жалпы жиналысының шешім хаттамалары, эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты

Кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретінде салынған мүлікті түгендеу

Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі,салыстыру тізімдемесі және т.б.







Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша аудит өткізу болып табылады. Аудитор жарғылық капиталға қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеруге міндетті.Жарғылық капиталдың құралуын тексере отырып, аудитор оның сомасының дұрыстығына көз жеткізуге тиісті. Ол баланста және «Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы» қорытынды есепте көрсетіледі. Аудитор оны құрылтай құжаттарының мәліметтерімен салыстырады. «Жарғылық капитал» шоттары бойынша сальдо кәсіпорынның (ұйымның) құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшеріне сәйкес болуға тиісті.Құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың шамасының сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін баланс көрсеткіштерін Бас кітаптың 5011 «Қарапайым акциялар», 5012. «Артықшылығы бар акциялар» және 5013 «Салымдар мен пайлар» шоттарының мәліметтерімен, сондай-ақ аталған шоттардың кредиті бойынша айналым сомасы көрсетілетін есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.Кәсіпорынның жарғылық капиталына жарнаның нақты келіп түсу сәті: ақша қаражаттары үшін – ақшаның банктегі ағымдағы шотқа есепке алыну немесе кассаға салыну мерзімі; негізгі құралдар, материаддық құндылықтар үшін – негізгі құралдарды, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актісінің немесе аталған объектілердің кәсіпорынға келіп түсуін растаушы басқа құжаттардың жасалу мерзімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет