1.Ұрықтану. Ұрықтану еркектің (сперматозоид) және әйелдің (аналық) жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Фолликулалардың толық пісіп жетілуі еттеккірдің 13-14-күніне сәйкес келеді



бет10/10
Дата21.01.2022
өлшемі17,3 Kb.
#112571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жүктілік физиологиясы

10.Сыртқы акушерия зерттеулері.

Бірінші Леопольд тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастарады. Бұл жағдайда жатыр деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде нәрестенің жамбасы орналасады.

Екінші Леопольд тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады.

Үшінші Леопольд тәсілі - жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаптың жоғары жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасұанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы болғаны.



Төртінші Леопольд тәсілі - бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақады жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасынан анықтайды.
Қынаптық зерттеу. Қынаптық зерттеуде: қынап қабырғасының жағдайын, жатыр мойнының қалпын, ұзындығын, жұмсақтығын, “пісіп-жетілу” дәрежесін және оның ашылу қарқынын анықтап, диагональды коньюгатаны өлшейді. Жатыр мойнының “пісіп-жетілуін” 4 белгі бойынша анықтайлы: жатыр мойнының жұмсақтығы, ұзындығы, өткізгіштігі және оның жамбас қуысының өткізгіш бағытына орналасу қатынасы. Арнайы шкала бойынша әрбір белгі 0 балдан - 2 балға дейін бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет