Типтік операция режимі. Типтік операция тізімі. Типтік операция шаблонын құру.
Операцияларды қолымен енгізуге қарағанда бұл режим операцияны қалыптастыруды толығымен автоматтандырады: қолданушы осы операцияның реквизиттерін және құрастырылған бухгалтерлік жазуларды тұзете алмайды.
Типтік операцияларды екі режим арасындағы байланыс ретінде қарастыруға болады. Бір жағынан, типтік операциялар қолдануда қарапайым болып келеді және арнайы тілді игеруді талап етпейді. Сонымен қатар, күрделі бухгалтерлік жазулар типтік операцияларды енгізген кезде автоматты тұрде енгізіліп отырады. Екінші жағынан, типтік операциялар, нақты алғанда, операцияларды енгізуді тек ұлгі болып табылады. Операциялар реквизиттерінің мазмұны және бухгалтерлік жазулардың құрамы операцияны енгізген кезде немесе кейінірек, операцияны редакциялау режимінде тұзетілуі мүмкін. Осы жағдайда типтік операцияларды қолдану иілгіштігі операцияларды қолымен енгізу режимімен салыстыруға келеді.
Типтік операциялар – программаның соңғы қолданушысына арналған режим. Ол жиі кездесетін шаруашылық операцияларды енгізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Типтік операцияларды қолдану есептеулерде және корреспонделінетін шоттарды көрсетуде қателесуге жол бермейді.
1С:Бухгалтерия жүйесінде типтік операцияларды пайдалану үшін алдын-ала типтік операцияның шаблонын құру қажет. Типтік операцияны енгізген кезде қолданушыға толтыру үшін толығымен немесе жартылай толтырылған реквизиттерді қамтитын операцияның нұсқасы беріледі. Корреспонделінетін шоттар, сома, талдамалы есеп объектілері (субконто) және т.б. реквизиттер толтырылып шығарылады. Іолданушы тек автоматты тұрде енгізілген мәліметтерді тұзетіп немесе жетіспейтін ақпаратты енгізіп, операцияны” Операциялар журналына”: жазады.
Типтік операцияның шаблоны дегеніміз - белгілі бір шаруашылық әрекетті рәсімдеу үшін бухгалтерлік жазуларды қалыптастыру сценарийі. Шаблон келесілерді қамтиды:
• операцияның реквизиттерін толтыру ережелері: мерзімін, номерін, сомасын және мазмұнын;
• операцияның формасында қарастырылған қосымша реквизиттерін толтыру ережелері;
• операцияға берілетін бухгалтерлік жазулардың тізімі;
• бухгалтерлік жазулардың реквизиттерін толтыру ережелері: корреспонделінетін шот, сома, субконто, саны, валюталар және валюталардың сомасы;
• бухгалтерлік жазулардың сомасын есептеу формулалары.
Типтік операциялар бухгалтерлік операцияларды енгізу үшін пайдаланған жағдайда шаблонға сәйкес енгізілетін операция үшін автоматты тұрде бухгалтерлік жазулар қалыптасады. Операцияны енгізген кезде Ұсынылған проводкаларды және реквизиттердің мәндерін өзгертуге болады.
“1С:Бухгалтерия” типтік операцияларды кез келген мөлшерде құруға мүмкіндік береді. Типтік операцияларды қарап шығу және редакциялау үшін олар қолданушыға тізім ретінде беріледі. Типтік операциялардың тізімін ашу үшін 1С:Бухгалтерия жүйесінің бас мәзірінен “Операциялар” мәзірінен “Типтік операциялар” нұктесін таңдау қажет. Тізімдегі типтік операцияларды көріп шығуды және іздеуді ыңғайлы ету үшін оларды топтарға біріктіруге болады. Әр топ, өз кезегінде, тікелей типтік операцияларды немесе басқа да топтарды қамтуы мүмкін. Типтік операциялар тізіміндегі топтардың күрделілігі 10 деңгейге дейін болуы мүмкін. Тізімдегі операциялар алфавит бойынша реттеліп отырады.
|
|