Операциялар, проводкалар, құжаттар журналының қызметі және форматы. Журналдар параметрі және оны орнату.
Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың «сценарийі» жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.
Типтік операция менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операция (Типовые операции)» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға типтік оперция тізімі шығады.