1."Сезімтал организм" ұғымын түсіндіріңіз


«Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын маман» ұғымын түсіндіріңіз. Патогендік биологиялық агентермен жұмыс істеу әрекетін сипаттаңыз



бет11/17
Дата21.04.2023
өлшемі246,03 Kb.
#175100
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
биобез рк-1111111

29. «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс жасайтын маман» ұғымын түсіндіріңіз. Патогендік биологиялық агентермен жұмыс істеу әрекетін сипаттаңыз.
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесі құрамында патогенді биологиялық агенттер (ықтимал қауіпті биологиялық заттар) болуы мүмкін заттар мен материалдарды, оның ішінде табиғи ортаның жекелеген компоненттерінен, аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар мен тасымалдаушылардан (оның ішінде олардың тіршілік ету өнімдерінен) іріктеу мен зерттеу арқылы жүзеге асырылатын оларды табуды қамтиды.
2. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алуға;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу рәсімінен өтуге;
4) қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беруге;
6) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес биологиялық тәуекелдер деңгейін ескере отырып, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатысында олармен қауіпсіз жұмыс істелуін бақылауды жүзеге асыруға;
8) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, осы Заңның 10-бабында көрсетілген мемлекеттік органдарға биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жәрдемдесуге;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, ветеринария, өсімдіктерді қорғау саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне, ғылым саласындағы уәкілетті органға патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесіндегі авариялар (төтенше жағдайдың туындауы), жұмыскерлердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы дереу хабар беруге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басшыларды, мамандарды және көмекші персоналды мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізуді, олардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
11) экспорттық бақылауға жататын патогенді биологиялық агенттерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттау, экспорттау, кері экспорттау не транзиттеу кезінде Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, даярланған мамандардың болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қолжетімділігі шектеулі режимді қамтамасыз етуге;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында айқындалған тәртіппен:
қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграциялауға;
тиісті тізілімге енгізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандар туралы ақпарат беруге міндетті.
4. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) қорытындысы негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны береді.
5. Аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық холдингке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жүзеге асырады.
6. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы референттік (референс-) зерттеулер:
1) диагностикалық күрделі және сараптамалық жағдайларда;
2) аса күрделі жағдайларда зерттеулер жүргізуді қоса алғанда, патогенді биологиялық агенттерді сәйкестендіру мақсатында;
3) жаңадан анықталған патогенді биологиялық агенттерді зерделеу мақсатында;
4) күмәнді немесе даулы жағдайларда сараптамалық қорытынды беру үшін жүзеге асырылады.
7. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы референттік (референс-) зерттеулерді осы қызметке жіберілген ұйымдар референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
8. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілер ұлттық стандарттарға сәйкес келуге және сапаны сыртқы бағалау жүйесін ендіру және оның жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметтің сапасын сыртқы бағалауды жүзеге асыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет