1."Сезімтал организм" ұғымын түсіндіріңіз


Биологиялық қауіпсіздікті бақылаудағы ҚР ДСМ рөлін сипаттаңыз



бет16/17
Дата21.04.2023
өлшемі246,03 Kb.
#175100
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
биобез рк-1111111

43. Биологиялық қауіпсіздікті бақылаудағы ҚР ДСМ рөлін сипаттаңыз
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:

1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;


2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені жүргізу;


3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын әзірлеу және бекіту;


4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерді, ықтимал қауіпті биологиялық объектілерді, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттерді және олармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарды есепке алудың жүзеге асырылуын мониторингтеу;


5) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін әзірлеу;


6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын келісу;


7) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін әзірлеу;




44. Биологиялық қауіп-қатер дегеніміз не? Тәуекелдің қасиеттерін тізімдеңіз.

Биологиялық қауіп – адам денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы, жануарлар, өсімдіктер, патогенді биологиялық агенттер, сондай-ақ олардың табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу ықтималдығы.


Негізгі биологиялық қауіптер:


1) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың (бұдан әрі – төтенше жағдай) туындауы;


2) адамның және (немесе) жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруы жағдайы;


3) халықтың, жануарлардың инфекциялық аурушаңдығының орташа статистикалық деңгейінен асып кетуі;


4) инфекциялық аурулардан болатын өлім-жітімнің орташа статистикалық деңгейінің артуы;


5) өсімдік ауруларының зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары таралуы;


6) Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктердің карантиндік ауруларының таралуы;


7) биологиялық қатер туындауының нақты немесе ықтимал мүмкіндігін туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде туындаған жағдай;


Қауіп - бұл ықтимал зиян келтіруі мүмкін көз

Қауіп нақты жағдайсыз немесе жағдайсыз қауіп емес


Тәуекел-бұл зиян келтіру ықтималдығы мен осы зиянның дәрежесінің үйлесімі (ISO/IEC Нұсқаулық 51:1999)


Тәуекелдің қасиеттері (1921, Фрэнк Найт)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет