Символдық интеракционизм теориясы
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да элеуметтік құрылымдарды және олардың арасындагы байланыстарды зерттейді. Алайда екі теорияның бұл байланыстар туралы айтар пайымдары әртүрлі. Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және оларға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық интеракционизм теориясын пайдаланады. Символдық интеракция теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің
субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын процестерді қарастырады (Страйкер, 2008). Бұл теория адамдардың өзара әрекетке түсуінің символдық (немесе субъективті) мағынасын зерттегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы - осы тарауда сипатталған дәстүрлі үш георияның ішіндегі ең жаңасы.
Символдық интеракционизм теориясының
тужырымдары
Символдық интеракционизм теориясы ғалымдарының пайымдауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысандық тұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1. Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-қатынастың арқасында дамиды. Қарым-қатынас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды. Біз басқа тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден қабылдамаймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты мән-мағынасын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.