2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері



бет3/14
Дата03.04.2023
өлшемі84,02 Kb.
#173573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жулдыз Алина 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10

Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері

Студенттер оқу практикасында (психологиялық қамтамасыз ету) келесі құқықтарға ие:



  • оқу практикасының барысында туындаған барлық мәселелер бойынша әдіскер-психологтан кеңес алуға;

  • оқу практикасының ұйымдастырылуын толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

  • бағыт беретін және қорытынды конференция жұмысына қатысуға.

  • психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға;

  • оқу практикасының барысында жұмыстың барлық кезеңдерін көрсететін күнделіктің болуына;

  • оқу практикасы бойынша есеп беру құжаттарды психолог-әдіскерге уақытылы ұсынуға;

Белгілі себептермен оқу практикасының бағдарламасын орындамаған студенттер үшін институт Кеңесінің шешімі бойынша ұзартылуы немесе екінші рет практиканы өткізуіне мүмкіндік берілуі мүмкін. Студент бос уақытында екінші рет оқу практикасына жіберіледі.
Жоғары оқу орнынан жарғысында көзделген тәртіпке байланысты оқу практикасына себепсіз қатыспаған, тапсырманы дұрыс орындамаған студент немесе академиялық қарызы болған жағдайда оқу орнынан шығарылуы мүмкін.


ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ


Психологиядан әдіскер бағыт беру конференциясын өткізеді. Оның негізгі мақсаты – оқу практикасы барысында жүргізілетін жұмысты өткізудің тәртібін, мазмұнын, міндеттерін анықтау.
Оқу практикасы бойынша бағыт беру конференциясы онлайн форматында жүргізіледі.
Оқу практикасының өту кестесі:
1-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 23.01. – 28.01.2023ж.

  1. Оқу практикасының мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптары туралы сипаттаңыз.: Студент академияда орнатылған ішкі тәртіптерді, компьютер кластарындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелерін және жетекшінің берген тапсырмаларын бұлжытпай орындауға міндетті;Студент өзіне берілген жеке тапсырмаларды дер кезінде орындауы тиіс;Практика барысында әрбір студент өз жұмыс күнделігін толтырып отыруға міндетті. Онда студенттің күнделікті жасаған жұмысы, есеп шығару кезіндегі өзінің қол жеткізген нәтижелері мен бақылаулары және қорытындылары мен ұсыныстары жазылады. Оқу практикасының міндеттері:студенттердің семестр бойынша программалаудан алған білімдерін пысықтау; олардың программа құру аймағындағы білімдерін тереңдету; . әртүрлі есептер алгоритмдері мен программаларын құруды меңгеру; оқытылған программалау тілінде әртүрлі есептерді шығарудың тиімді жолдарын үйрету болып саналады.

  2. Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері. : Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері.Оқу практика кезінде студент практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы қажет: мектеп бағдарламасы бойынша шетел тілі пәндерінен сабақ жүргізуді меңгеру;-практика өтетін жерге уақытында келу;

практика бағдарламасында бекітілген жұмыстарды толығымен орындау;мектептің күн тәртібіне бағыну;-практика жетекшісінің беретін тапсырмалары мен бұйрықтарын нақты және шығармашылық жағдайында орындау, мектеп жұмыскерлерімен бірге жұмысқа деген жауапкершілікті саналы түрде түсіну;-есеп беру құжаттарын уақытында тапсыру;
пән бойынша жылдық жоспарды үйрену; тақырыптық жоспарды жүргізу; сабақта әр түрлі көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену; сынып жетекшісі рөлін атқаруды меңгеру

  1. Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы. Студент практиканттың мектептегі оқу практикасын өту кезінде жалпы мектеп тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика жоспары мен жұмыс істеу барысын сонымен қатар барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалайды.Сонымен қатар оқу практикасын жүзеге асыру барысында сынып жетекшінің міндеттері;Ең алдымен оқушылардың сыныптан тыс ерекшеліктерімен негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады.Одан кейін практикант студенттің топ жетекшілерімен бірігіп оқушыларға тәрбие жұмыстарын жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңесін береді.Сонымен қатар оқушылардың өз бетінше жасаған тәрбиелік іс шараларына және оны талдауға баға қоюға қатысып,оқушыларға мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды.Жалпы студент практиканттың сыныппен жұмыс жасау барысында жауапкершілігі жоғары болып келеді.Студент практикант жұмыс жасау барысында тек қана сыныппен ғана емес сынып жетекшісімен және мектеп психологымен тығыз байланыста болу керек.Жалпы мектеп психологының жауапкершілігі:Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.Оқу практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс

  2. Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру Белгісі бір мәселелерді анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені зерттейтініне байланысты.Психологияда түрлі әдістер бар.Адамның психологиялық процестері табиғаты жағынан күрделі, зерттеуде ұқыптылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Әдістер арқылы ақпарат жинап талдаймыз.Психологияның әдістері — адамның дамуын сипаттайтын фактілерді анықтау тәсілдері болып табылады. Психологиядағы әдісті адамның психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп айтсақ болады.Психология әдістерінің төрт түрі бар:1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бӛлу, талдау).4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б..





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет