2- ТАҚЫРЫП. Дифференциалды психологияның ғылыми-қолданбалы міндеттері және зерттеу әдістері.
Тапсырма 1
Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізін олардың тұқым қуалаушылығы және қоршаған орта қалайды. Біріншіден тұқым қуалаушылық табиғатын анықтайық.
Адам өзінің индивидуалды тұқым қуалаушылығын ата анасынан ұрықтану кезінде қабылдайтын ерекше ген комбинациясы (жүйесі) анықтайды. Осы гендер комбинациясы арқылы тұқым қуалаушылық факторы адамға белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Индивидуалды айырмашылықтардың негізінде мүмкін болатын гендер комбинациялардың шексіз әртүрлілігі жатыр.
Біріншіден, адамның ең қарапайым қасиеттері гендердің үлкен санның әсеріне тәуелді.
Екіншіден, ата аналық клеткалар да әртүрлі гендер комбинацияларынан турады.
Үшіншіден, екі организм клеткалары жаңа бір организм пайда болу үшін біріккенде гендер комбинациялары бірнеше есе көбейеді.
Сондықтан, бір ата ананың екі баласы, мысалы ағалы қарындастар, тең тұқым қуалаушылыққа ие бола алмайды. Бұны бір мезгілде туылған түрліжұмыртқалы егіздерден байқауға болады, өйткені олар түрлі жұмыртқа клеткаларынан дамиды, сәйкес екі түрлі гендер комбинациясы жүзеге асырылды. Олар әдеттегідей ағалы қарындастар сияқты тек қана бір біріне ұқсайды. Ал біржұмыртқалы егіздер бір немесе бүтін ұрықтанған жұмыртқаклеткаларынан пайда болады және бұл егіздердің гендер жинақтары бірдей. Сондықтан, олар тұқым қуалаушылық фактор бойынша бір біріннің көшірмесі болып шығады.
Мысалы индивидтің жыныстық ерекшелігі жыныстық қос хромосомалармен анықталады, олар Х-хромосома және Ү-хромосома деп белгіленеді. Егер бала атан-анасының әрқайсысынан Х-хромосома алатын болса, ол әйел жынысына ие болады, яғни еркектік белгілерге үстемдік етіледі. Ал, егер Х және Ү хромосомалаларды қатар алатын болса баланың жынысы ер болмақ. Негізінен Ү-хромосома салыстырмалы түрде аз келеді, оның құрамында гендер саны аз. Генетика ғылымы әрбір индивидте екі жынысқа қажетті гендер болатындығын айтады және Екі Х-хромосоманың бірігуі әйелдік белгінің басымдылығына ал бір ғана Х-хромосоманың болуы еркектік белгінің басымдылығына әкеледі.
Хромосомалалардағы нақты гендер индивидтің белгілі қасиеттеріне жауап береді және олар басқа гендермен араласу кезінде сан жағынан қайсысы басымдылық көрсететін болса, нақты (СОЛ) қасиеттің КӨРІНУІ НЕМЕСЕ КӨРІНБЕУІНЕ әкеледі. Әрбір белгі индивидке тұқым қуалау арқылы берілетін барлық гендердің өзара араласу нәтижесі болмақ.
«Коршаған орта» ұғымын текқана географиялық мағынада түсінуге болмайды. Психологиялық қоршаған орта адамның өмір бойындағы барлық сыртқы әсерлерінен турады. Және де қоршаған ортаны сыртқы әсерлер деп түсіну де дұрыс емес, өйткені ғылыми жолмен клетканың да ішінде, клеткалар арасында да бір орта бар екені дәлелденген. Мысалы бір жанұяда тәрбиеленген ағасы мен інісінің “қоршаған” ортасы олардың бір-біріне әсер ету есебінен әртүрлі.
Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы айтсақ, екі фактор да адам қасиеттерінің дамуына, оның әрекетіне бірдей әсер етеді. Бірлескен үлес теория бойынша да адамның дамуы тұқым қуалаушылыққа және қоршаған ортаға да тәуелді. Ал адамның әрекеттік қасиеттері олардың бірлескен әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.
Тапсырма 2
Ғылымда тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы ең кең тараған көзқарас ол өзара әрекеттестік теориясы. Бұл теория бойынша тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторлары бір біріне қосымша факторлар ретінде қарастырылмайды. Екеуіде бір біріне тәуелді. Мысалы, қоршаған ортаның кез келген факторы тұқымға байланысты әртүрлі әсер етеді. Соған қарай, кез келген тұқымдық фактор қоршаған ортаның жағдайына қарай әртүрлі жақтан өзін көрсету мүмкін.
Адамның «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататындығын «индивид» ұғымы білдіреді. Ол биологиялық түрдің генетикалық ес деңгейінде және адамның дене құрылымында (дене конституциясында) бекітілген. Бұл деңгей конституционалды деңгей деп аталады. Мысалы, осы деңгейде біз жыныстық айырмашылықтарды анықтай аламыз. «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататын әйел және ер адамдардың конституциялық айырмашылықтары дене салмағында, бойында, дененің әртүрлі бөлімінде көрініс алады.
Әр индивид тұған кезінен сыртқы тітіргендіргіштердің ықпалын сезеді. Осы тітіргендіргіштер сенсорлық жүйе деңгейінде адамның индивидуалды сезімталдыққа әсер етеді. Сезімталдық индвидтың психикасын негізін құрайды. Сондықтан, индивидуалды айырмашылықтардың психикалық деңгей туралы айтуға болады.
Сыртқы тітіргендіргіштің кез келген әрекетіне адамда сәйкес келетін реакция пайда болады. Көбінесе бұл реакция адамның қозғалысында (моторикасында) көрініс көреді. Әр реакцияда латентты кезең болады. Сондықтан әртүрлі индивидтердің сенсомоторлық байланыстарында айырмашылықтарды сүреттеу үшін «реактивтік» ұғымы алынады. Сонымен, сезімталдық және реактивтік жеке индивид психикасының құрылымында саналық және сапалық айырмашылықтарды, динамикалық ерекшеліктерді білдіреді.
Индивид психикасында өмірдің белгілі бір кезеңінде сапалы жаңа бір деңгей пайда болады. Ол сана. Санасы бар индивид тұлға ретінде бола алады. Сондықтан, жалпы және дифференциалды психология салаларында істейтін зерттеушілер субъект психикасының индивиддік және тұлғалық айырмашылықтарды зерттеуге қызығады. Егер сезімталдық және реактивтік адам табиғатымен себептелсе, индивидтың санасы оның әлеуметтік ортамен әрекеттесудің нәтижесінде туындайды. Тұлғаның айырмашылығы оның санасында, қоршаған орта және өзі туралы білімінде.
Индивидтық және тұлғалық қасиеттер бірігіп индивидуалдылықты құрайды. Адам индивидуалдылығы қайталанбас ерекше бір қасиет.
Адам психикасының деңгейлері бір бірімен байланысып, бір біріне әсер етеді. Сондықтан дифференциалды психология үшін индивид психикасындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың рөлі өте маңызды. С.Л.Рубинштейн және Б.М.Теплов ғалымдардың ойынша индивид психикасында тұқым қуалаушылық фактордың, тұғаннан және осы өмірде пайда болған факторлардың әсері зерттеліну керек. С.Л. Рубинштейн бойынша осы өмірде пайда болған қасиеттер сыртқы әсерлер адамның ішкі дүниесіне сіңу арқылы пайда болады. Ал Б.М. Теплов бойынша ішкі қасиеттер генетикалық механизмдерімен себептелмейді. Оған әсер ететін туа жаралған қасиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |