2- тоқсан бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.
«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 7.Т/ А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұны түсіну, ұсынылған
ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7. ӘТН3. Фразеолгизм, мақал-мәтелдердердің
эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп
қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы.
Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады.
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады.
Сөйлемде тиімді қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну.Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1- тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.
Екі дос.
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруына өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа бере мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол-өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ боладыда:
-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?- деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт,- Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.
-Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,-деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
2-тапсырма.
«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әігіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз/кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады.
|
1
|
Мәтіннің мазмұнын ашады;
|
1
|
Негізгі ақпараттарды анықтайды; қосымша ақпараттарды анықтайды;көзқарастарды теріп тақырыптарды ашады
|
1
1
1
|
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады.
|
2
|
Тақырыптарды ашады; әңгіме құрады; әңгіме құрылымын сақтайды;
|
1
1
1
|
Сөйлемде тиімді қолданады
|
Фразеологизм, мақал-мәтелдерді, көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.
|
1
|
Барлығы
|
8
|
Достарыңызбен бөлісу: |