2. 1 Delphi программалау тілі



бет1/2
Дата06.12.2019
өлшемі1,94 Mb.
#53133
  1   2
Байланысты:
дельфи

2.1 Delphi программалау тілі

Delphi пакеті – программалаудың қазіргі әдістерін қолдана отырып күрделі программаларды құруға арналған. Мұндай программалар бірнеше файлдардан тұрады. Программа құру процесін 2 кезеңге бөлеміз.

Бірінші кезең – жобалу (проектілеу), программа бөлек құрамдас бөлімдерден жинақталады, қажетті параметрлері мен сипаттамалары анықталады.

Екінші кезең– программаның орындалу кезеңі, есеп шешімін анықтайды. Проектілеу кезеңінде әртүрлі файлдар құрылады және қолданылады. Программаның негізгі бөлігі – проект. Проект орналасқан файлдың типі *. dpr. (программа бөліктерін жинақтайды). Бұл программада бұдан басқа әртүрлі модульдер қолданылады, бұл файлдардың типі *.раs. бұрын құрылған модульдерді кез-келген программада қолдана алады. Қолданушы құрған модульдерді 2 түрге бөлуге болады:



  1. форма туралы информациялары бар модульдер;

  2. формаларға тәуелсіз модульдер;

Екіншісі есептің программалар текстін орналастыруға арналған.

Ескерту:Қарапайым проектінің өзі бірнеше файлдардан тұрады, сондықтан әр проектіні жеке каталогта сақтаған дұрыс және проект файлдары да осында сақталады.

Проект файлы негізгі болып табылады және өз программасы бар. Бір формадан тұратын қосымша үшін, проект файлы мынандай:

Program Project 1

Uses

Forms


Unit 1 in’unit 1.pas’{Form 1}

{$R.*.res}

Begin

Application.Initialize;



Application.Createform; Application.Run;

End.


Проект аты проект файлы атымен бірдей және дискіде сақталғанда көрсетіледі.(бастапқыда аты Project 1).

Проект файлын компиляциядан өткізгенде проект бөлімдері жинақталады.Сонымен қатар автоматты түрде аты проект файлымен бірдей Exe файл және DLL–файл пайда болады.USES бөлімінде қосылатын FORMS модулінің аты тұрады, құрамында формасы бар қосымшалар үшін міндетті түрде көрсетіледі. Сонымен қатар USES бөлімінде проект формаларының модульдерінің аттары жазылады[Error: Reference source not found].

Программаны құру кезінде стандарт компоненттері бар пакеттер (PacKage) және объектілер архивінде (object Reposity) орналасқан файлдар қолдануы мүмкін. Программаның орындалу кезеңінде әртүрлі динамикалық кітапхананың файлдарын қолдануы мүмкін. Программа компилициядан өткеннен кейін аты проект атымен бірдей орындалушы файл құрылады, типі *. ехе DLL библиотекасы үшін типі *. dll, пакеттері үшін типі *.dcu файлдар құрылады. Текстік файлдар типі *.txt.

Көрсетілген файлдардан басқа Delphi-мен жұмыс кезінде қажет болса, проектке арналған файлдар, ресурстар файлдары құрылуы мүмкін, типі *.res, формалар модуліне арналған файлдар типі *.dfm, компоненттер кітапханасының элементтеріне арналған файлдар типі *.dcr.

Delphi интегралда ортасы көптерезелі жүйеден тұрады. Delphi интегралдық орта түрі – интерфейс. Delphi жүктелгеннен кейін интерфейсі мынадай болады, 4 терезеден тұрады:


  1. Негізгі терезе (Delphi – Project 1)

  2. Объектілер инспекторы терезесі (Object Inspector)

  3. Формалар конструкторы терезесі (Form 1).

  4. Код редакторы терезесі (Unit1.pas).

Delphi программалау ортасының негізгі элементтері:

  • Негізгі терезе

  • Текстті редактор (Code Editor)

  • Формалар конструкторы

  • Проекттер администраторы (Project Manager)

  • Объектілер инспекторы

  • Компоненттер кітапханасы

  • Объектілер архиві

  • Объектілер архиваторы

  • Меню конструкторы

  • Іштестірілген жөндеуші

  • Анықтама жүйесі

Бұдан басқа Delphi-ді құрған кезде автоматты түрде қосылатын графиктік редакторы (Image) және МҚБЖ программасы DataBase Desktop бар.

Негізгі меню мына ішкі менюлерден тұрады:



  • File (файлдармен жұмыс)

  • Edit (редакциялар)

  • Search (информацияны іздеу)

  • View (информацияны қарау)

  • Project (программа параметрлері)

  • Run (программаның орындалуы)

  • Component (компонент кітапханасы)

  • DataBase (мәліметтер қоры)

  • Tools (құрылғылар ортасы)

  • Help (анықтама жүйесі).

Код редакторы дегеніміз – кәдімгі тексттік редактор, модуль текстінредакциялауға арналған. Әр редакцияанатын файл редактор терезесінде әрбетте орналасқан. Форма конструкторының код редакторына көшу үшін клавишін басамыз. Код проводнигі код редакторының терезесінің сол жағында орналасады. Мұнда форма модулінің объектілері ағаш түрінде орналасады. Мысалы, айнымалылар және процедуралар код проводниі экранда жоқ болса, оны қою үшін View/Code Explorer командаларын орындаймыз.Delphi-де Doc-терезе технологиясы жұмыс істейді , яғни олардың инстументальды терезелерін тышқан көмегімен біріктіреді. Объектілер инспекторы терезесі де осы қатарға жатады[Error: Reference source not found].

Объектілер инспекторыэкранда негізгі терезенің сол жақ астында орналасқан және ағымдағы форма объектісінің қасиеттері мен оқиғаларын көрсетеді.Объектілер инспекторы терезесінің екі беті бар:

  1. Properties(қасиеттер)

  2. Events (оқиға).

Properties беті формадағы ағымдағы компоненттің информациясын бейнелейді және форманы проектілеу кезінде көп қасиеттерді өзгертуге болады.

Events беті – компонент орындайтын оқиғаның процедурасын анықтайды. Бұл процедуралар оқиғаны өңдеуге арналған немесе оларды өңдеушілер (обробатчик) деп атайды.Сонымен қатар оқиғалар қасиеттер болып танылады.

Delphi ортасында құрылатын қосымша проектке біріктірілген бірнеше элементтерден тұрады. Проект құрамына мына элементтер кіреді.


  • Проект коды (dpr)

  • Форма сипаттамасы (dfm)

  • Форма модулі (pas)

  • Модулдер (pas)

  • Проект параметрі (opt)

  • Ресурстар сипаттамасы.

Delphi жүктелген кезде автоматты түрде жаңа проект құрылады және негізгі терезе тақырыбында Project 1 деп тұрады, бұл проектінің бір формасы болады.Форма тақырыбында Form 1 тұрады, қолданушы өзі өзгертуге болады.

Dеlphi-ді қолдану формалары мен функциялары.Delphi-ді қолдану арқылы формаларды, функцияларды, DLL компаненттер кітапханасын құруға, кез- келген типтегі қашықтықтағы және жергілікті мәліметтер қорымен (InterBase, Sybase, Microsoft SQL, Oracle, dBase, Paradox және т.б.) жұмыс істеуге болады. Сонымен бірге Delphi мәліметтер қорының қосымшаларын жасайтын кеңінен таралған құрал болып табылады. Мәліметтер қорының күрделі есептерін (отчет) генерациялауға және баспаға беру үшін пайдаланылады.

Delphi құралдарын пайдалану арқылы өздерің жасаған қосымшалармен Microsoft өнімдері (Word, Excel, және т.б) байланыс орнатуға және олардың мүмкіндігін пайдалана отырып қуатты көмек жүйесін құруға болады.



Delphi бағдарламалау ортасы мынадай элементтерден тұрады:

  1. Негігі терезе (басты мәзір,саймандар тақтасы және компаненттер политрасы), оның тақырыбы - Delphi7-Project1;- деп аталады;

  2. Объектілер құрылымы орналасқан терезе (Object TreeView);

  3. Объектілер инспекторы терезесі (Object Inspector);

  4. Форма терезесі (Form 1);

  5. Программа коды орналасқан терезе (Unit 1. pas);

  6. Код бағытын көрсететін терезе (Code Explorer код терезесінің сол жағында орналасқан) (Сурет 2).


Форма терезесі мен программа коды терезесіне және керісінше тез алмасу F12 пернесі арқылы орындалады[Error: Reference source not found].

Стандартты командалар:

File/New/Other - объектілерді таңдау.

File/Open- алдын-ала бар файлды ашу.

File/Save- белсенді құжатты сақтау.

File/Save all- жобаның барлық файлдарын сақтау.

File/Open Project- программаның алдын- құрылған жобасын шақыру.

Project/Add to Project- жобаға файл қосу.

Project/Remove from Project- жобадан файлды жою.

Help/Delphi Help-Анықтаманы іске қосу.

View/Units- тізімнен модульді таңдау.

View/Forms- тізімнен форма таңдау.

View/Toggle }форма терезесінен программа коды терезесіне

View/Unit} және кері алмасу.

File/New/ Form – жаңа форма құрады және оны жобаға қосады.

Run/Run – программаны тексереді және орындайды.

Run/Pause – дұрыс орындалмаған программаға үзіліс жасау.

Run/Trace Info – шақырылған подпрограммаларға қадам бойынша ену.

Run/Step over – шақырылған программалардың жұмысын елемей қадам бойынша ену.

Пиктографиялық тетіктер орналасқан саймандар тақтасының конфигурациясын өзгерту үшін негізгі мәзірден View/Toolbars/Customize командасын немесе сайсандар тақтасының контексті менюінен Customize командасын таңдаймыз.

Бұл терезе пиктографиялық тетіктердің орналасуын алмастыруға, жоюға, қосуға, жасыруға, көрсетуге болады.

Toolbarsжапсырмасы саймандар тақтасы мен жылдам орындалатын тетіктерді басқаруға арналған.

Commandsжапсырмасы тетіктерді таңдауға және оларды саймандар тақтасына орналастыру мүмкіндігін береді.

Options жапсырмасы арқылы, Show Tooltips – жылдам орындалатын пернелердің жарлығын (курсорды оған ұстап тұрғанда) көрсетуді немесе Show Shortcut keys on tooltips бұл жарлықтарда сәйкес келетін пернелер тобын бейнелеуді іске қосу, не ажырату.

Компаненттер тақтасы - қосымшаға қатысатын компаненттеирді таңдау мүмкіндігін береді . Компаненттер – бұл Delphi – қосымшаны жинауға қажетті «құрлыс блоктары »Компаненттер пиктограммасы түрінде тақтада орналасқан. Delphi-ді іске қосқанда Standard беті белсенді болып тұрады. Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою, пиктограмма қосу немесе кейбір пиктограммаларды басқа бетке жылжыту үшін Palette Properties диалогтық терезесі қолданылады. Ол диалогтық терезені ашу үшін Component / Configure Palette командасын немесе компаненттер политрасының кез – келген жерінде тышқанның оң жағындағы контексті менюдің Properties (қасиет) командасы қолданылады (Сурет 3).






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет