2.1-ресурс. Креативті ойлау
1-тапсырма: Берілген ақпаратпен танысып, сұраққа жауап беріңіз: 15-16 жастағы жасөспірімдердің креативтілігін дамытудың қоғам үшін әлеуметтік маңызы қандай?
Зерттеулер көрсеткендей, шығармашылық, инновациялық, креативті ойлау қабілеті азды-көпті деңгейде әрбір адамға тән болады. Нәтижелі іс-әрекетке қатысумен байланысты пайымдау және ойлау қабілеті тұлғаның жаң-жақты дамуына баға жетпес үлес қосады [Plucker, Beghetto and Dow, 2004]. Креативті ойлау дағдысы адамдарға қоршаған ортадағы жағдайды өзгертуде табысты нәтижелерге қол жеткізуге, әртүрлі қауіп-қатерлерге орай тиімді және сауатты әрекет етуге көмектеседі. Креативті ойлау қабілеті білім мен тәжірибеге негізделгендіктен, оқушы тұлғасын мақсатты түрде қалыптастыру нысаны бола алады [Авдеенко және т.б., 2018].
PISA-2021 зерттеуінде қолданылатын тәсілдемелерге сәйкес «Креативті ойлау» бағытын енгізу оқыту тәжірибесіне және білім беру саясатына оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, бұл келешекте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін шешуде оң ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |