2.1-ресурс. Тренинг
1-тапсырма
A:
қосымша таза парақты қойып, берілген фигураны көшіріп алыңыз; фигурадағы өз
бөлігіңізді орналасқан қалпын сақтай отырып жалғастырып салыңыз, өзіңіз қалаған әдіс-
тәсілмен «киіндіріп», өзіңіздің эмоциялық көңіл-күйіңізді бейнелеңіз.
В:
белгілі бір жыныс өкіліне тән бет-әлпет кескінін көшіріп салыңыз, өзіңіздің эмоциялық
күйіңізді бейнелеңіз.
С:
адам бет-әлпетінің дәл көшірілген жарты бетіне әртүрлі өзгерістер енгізіңіз (көзін қысу,
қабағын түю, шашын желмен желбірету немесе т.б.).
2.1-ресурс. Тренинг
D-E:
әртүрлі жануарлардың пішімін құрайтын бөліктерді салыңыз; графикалық фигуралар
құрастырып, берілген фигуралардан басқа жануарды құрастырып көрсетіңіз; жаңа
фигураларды контурдың көмегімен бейнелеп көрсетуге тырысыңыз.
F:
белгілі бір жануардың келесі жартысын пропорциясын сақтай отырып салып шығыңыз;
бір жануардың жартысын жалғастырып салып, ерекше бір жануарды ойлап тауып, суретін
салыңыз.
2.1-ресурс. Тренинг
G:
суретте берілген көшені жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жалғастырып салыңыз;
бірнеше көше қиылысатын көшені; көпірге немесе паркке барып тірелетін және т.б.
көшелердің суретін салыңыз.