2-апта асқын өткізгіштерді қолдану



бет3/3
Дата17.10.2022
өлшемі24,03 Kb.
#153420
1   2   3
Байланысты:
2 (3)

λ азаюына, сәйкесінше, ρ өсуіне алып келетін электрондардың шашырауына алып келеді.
Шашыраушы электрондардың жетілмегендігін:
– материалдың меншікті кедергісінің температуралық кедергісінің температуралық құраушысын (ρТ) анықтайтын энергетикалық ақаулар (тор атомдары мен иондарының жылулық тербелістері);
– материалдың меншікті кедергісінің құрылымдық немесе қалдықтық (ρқалд) құраушыларын анықтайтын кристалдық құрылысының ақаулары деп екі топқа бөлуге болады.
Осыған байланысты таза металдардың меншікті электр кедергісі:

ρ = ρтқалд (1.14)


түрінде жазылады


Кристалдық тордың периодтылығын бұзатын қоспалық және меншікті ақаулар электрондық толқындар шашырауының орталығы болып табылады. Осы кезде еркін жүру жолының ұзындығы λ азаяды және меншікті электр кедергісі артады.
Кең диапазонда ρ температураға тәуелділігі:

ρт = ρ0(1+αt+βt2+γt3+…). (1.15)


t>Θд д—Дебай температурасы) кезіндегі температуралық аралықта ρ t-ға сызықты байланыста болады:


ρт= ρ0(1+αt). (1.16)


Немесе температураның абсолютті шкалаларын таңдағанда


ρт= ρ0αТ, (1.17)


мұндағы, ρ0 – санақ басы ретінде алынған температура кезіндегі меншікті электр кедергісі; Т – температура (К); α = αρ – меншікті кедергінің температуралық коэффициенті.


Дебай температурасы кванттық эффект пайда болатын және «жоғары» температуралар облысынан кванттық статистиканы қолдану қажет аумақтарды бөліп тұрады.
Дифференциалды түрде αр = (1/ρ0) (dρ/dT).
Т=Тбал кезінде электр кедергі өткізгіштік электрондар концентрациясының лездік өзгеруі салдарынан секірмелі түрде артады.
0К жақын температура кезінде кейбір металдар мен құймалар асқын өткізгіш күйге өтеді, яғни олардың ρ мәні нөлге дейін тез төмендейді. Асқын өткізгіштік ауысу температурасы кезінде (Та) ρ < 10-18Ом*м.
Кейбір ауыспалы металдар асқын өткізгіштер болып табылады. Асқын өткізгіш дегеніміз – кейбір (критикалық) температуралардан Тс бастап меншікті кедергісі нөлге дейін түсетін заттар. Кейбір ауыспалы металдардың Тс:



металл

Nb

Tc

V

Ti

Тс, К

9,5

8,0

5,3

0,4



Темір негізінде негізгі конструкциялық магниттік, тот баспайтын және басқа да құймалар алынады. Никель электрлі вакуумдық техникада катодты материал ретінде қолданылады. Титан негізіндегі құймалар барлық конструкциялық құймаларға қарағанда, жоғары меншікті беріктікке ие. Жоғары коррозиялық тұрақты құймаларға техниканың түрлі облыстарында, оның ішінде тік ұшақ құрылысында конструкциялық материал ретінде титан негізіндегі құймалар жатады. Вольфрам, молибден, ниобий, тантал және де тағы басқа балқуы қиын металдар ыстыққа төзімді және ыстыққа берік материалдар ретінде, оның ішінде электрлік вакуумды техникада қолданылады. Кейбір ауыспалы металдар жартылай өткізгіштік материалдарда легирлеуші қоспа ретінде қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет