69. Саяси стратегия мен тактика - партияның,мемлекеттің,қоғамдық-саяси ұйым,қозғалыстардың саяси өмір,процесте,күресте басшылыққа алатын іс-әрекеті.Стратегия деп партия қызметінің ірі тарихи кезеңдегі жалпы бағытын айтады.Тактикаға стратегиялық мақсатты жүзеге асыру жолында нақтылы жағдайдағы партияның іс-әрекеті,оның таяудағы мүддесін орындаудың әдіс –тәсілдері кіреді.Саяси жағдайларға байланысты тактика жиі өзгеріп отырады.
70. Саяси тәртіп-саяси билікті жүйеге асырудың,қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.Оған демокраиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады.