2. Атқарушы билік



бет6/21
Дата06.01.2022
өлшемі33,94 Kb.
#110266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Глоссарий

22. Демократиялық партиялар –басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.

23. Демократия –халық билігін,заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.

24. Егемендік –мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.

25. Идеал –саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты.

26. Идеология –белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет