2. автономия/ autonomy



бет37/52
Дата30.05.2022
өлшемі288,78 Kb.
#145492
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Қызылорда. Ақмешіт бекінісін 1820 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған.. Бастапқыда ол қазақ даласындағы Қоқан хандығының форпосты ретінде болған. 1853 жылдың 28 шілдесінде оны В. А. Перовский басқаруымен орыс әскерлері жаулап алып, Форт-Перовский деп өз атауын берген. Осы кезде бекіністі Якуп бектің басқаруымен қоқандықтар қорғаған. 1917 жылдың 30 қазанында қалада Кеңес өкіметі орнады. Ал 1922 жылы қалаға оның бұрыңғы атауы Ақмешіт қайта берілген болатын. 1925 жылы астана Орынбор қаласынан осы қалаға көшірілді, сол себептен де қалаға Қызылорда деп атау берілген. 1925-1927 жылдары РСФСР құрамында болған Қазақ автономиялық республикасының астанасы Қызылорда болған.

Алматы. Алматы қаласы 1929-1998 жж. Қазақстан астанасы болған. X-XIV ғғ. қазіргі Алматының орнында ортағасырлық Алмату қонысы болған. Кейін 1854 жылы орыс казактары Верный фортын салынған. XIX ғасырда әскери бекіністі салу мақсатында мұнда казактар келген. Өңірдің сұлулығы мен қолайлы климаты оларды таңқалдырды. 1855 жылы Орталық Ресейден Верный қаласына алғашқы қоныстанушылар көшіп келген. Осы кезде Алаутау ауылдық округінің әкімшілік орталығы көшірілді. 1927 жылы құжаттар бойынша қала автономияның астанасы болып тағайындалды, ал шын мәнінде тек 1929 жылы астана қызметін атқара бастады. Осы кезден бері ауқымды құрылыстар жүргізіле бастайды. Қазіргі күнге дейін де қала Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен елдің мәдени орталығы болып табылады. 

Астана. Ақмола қаласының шексіз далаларында әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан. 1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты Республиканың астанасы қазақ даласының орталығына — Ақмола қаласына (қазіргі кезде — Астана) көшірілген. Өзінің қиын экономикалық жағдайына қарамастан, жас Қазақстан осындай шешім қабылдады.

7.История и судьба казахской диаспоры за рубежом. Всемирные курултаи казахов. /Шетелдегі қазақ диаспорасының тағдыры. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы./History and destiny of the Kazakh diaspora abroad. World Kurultai of Kazakhs


Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 – 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеғе діндарлардың хажылық сапармен баруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.


Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт.-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт.-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 – 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.[1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет