2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Мәмілеге қатысушылардың мәмілеге қабілеттілік талаптарының бұзылуы



бет36/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Мәмілеге қатысушылардың мәмілеге қабілеттілік талаптарының бұзылуы. Азаматтық заң күшін иеленетін, заң жүзінде танылатын мәміле жасау мүмкіндігі - оның мәмілеге қабілеттілік болып табылады. Азаматтық кодексте белгіленген кейбір ерекшеліктерді ескермегенде, әрекетке қабілеттілігі барлық азаматтардың мәмілеге қабілетті болады. Мұндай ерекшеліктер АК-ның 159-бабының 3-7-тармақтарында ескерілген.
Кәмелетке толмағандар өз бетінше жасауға құқықты болатын ұсақ мәмілелерден басқа, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер жасаған мәміле орындалмауға тиіс (АК 23-б.). Мәмілені осындай жасөспірімнің, атынан оның ата-аналары (асырап алушылары, қорғаушылары) жасайды.
14 жастағы кәмелетке толмағандар мәмілені ата-аналарының (асырап алушыларының, қорғаншыларының) келісуімен өздері жасайды. Келісім мәміле орындалғаннан кейін берілуі де мүмкін. Мұндай жасөспірім кейбір мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы(22-бап).
Егер 14 жастағы кәмелетке толмағандар мәмілені ата-аналарының (асырап алушыларының, қорғаншыларының) келісімінсіз жасайтын болса, ол ата-аналарының (асырап алушыларының, қорғаншыларының) талап етуімен ғана жарамсыз деп танылады. Мұндай талап қойылмаса - заңдық күшін сақтайды.
Кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтынын білген немесе білуге тиісті кәмелетке толған мәміле жасаушы, яғни заңмен тыйым салынған мәмілені жасағаны үшін кінәлі адам мәмілеге қатысты шығындарды кәмелетке толмағанға қайтару жөнінде қосымша жауапты болады. Мысалы, кәмелетке толмағанға қайтарылатын мүліктің көлік шығындары, тасымалдау кезінде бүлінген мүлікті жөндеуге жұмсалатын қаражат және т.с.с. Мәміленің кәмелетке толған қатысушысының жасы шамаланады, сондықтан қосымша шығындардан құтылу үшін ол жасөспірімен мәміле жасағанын білмегенін және істің мән-жайы бойынша білуге тиіс еместігінн дәлелдеуге тиіс.
Соттың шешімімен жүйке ауруымен ауырады немесе ақыл-eci кем деп танылған әрекетке қабілетсіз адамдардың еркін білдіруінің заңдық маңызы жоқ (АК 26-бабы), сондықтан олардың жасасқан мәмілесі жарамсыз болып табылады (АК 159-б. 5-т.). Бұл мәмілеге қорғаншының қатынасы оның жарамсыздығына әсер етпейді.
Осы негіз бойынша мәмілені жарамсыз деп тану жөніндегі мәселені шешуде сот мәміле жасалатын сәтте әрекетке қабілетсіз адамның қандай психикалық күйде болғанын анықтамайды. Tiптi осы кезеңде оның психикалық саулығы жақсару үстінде болса да, мәмілені жарамсыз деп тану үшін сот адамды қайтадан әрекетке қабілетсіз деп танитын күнге дейін сақталады.
Алайда, АК 159-бабы бұл тұста ерекшелік жасайды. Әрекетке қабілетсіз адамдар жасаған, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер жасаған мәмілелер, егер олар аталған адамдардың пайдасына қарай жасалған болса, жарамды деп танылуы мүмкін.
Егер мәміле жасауға аталған адамның қорғаншысының келісімі алынбаған болса, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа салыну салдарынан әрекет қабілеттігі шектелген адамның жасасқан мәмілесі жарамсыз деп танылуы мүмкін (27-бап). Мұндай шектеу оның жалақысына билік етуге де таралады. Қорғаншының талап етуімен ғана мәміле жарамсыз деп танылады.
Азамат мәміле жасалатын кезде спирт ішімдіктеріне немесе нашақорлыққа салынуын тоқтатқан күннен өзі де, оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеуді сот алып тастамайынша, мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Алайда АК 159-бабы тиісті жастағы және сот арқылы әрекет қабілеттігінен айрылмаған, бірақ ic жүзінде мәміле жасай алмаитын адам жасаған мәмілені жарамсыз деп танитын жағдайларды да көздейді. Бұл адам әрекетке қабілетті болғанымен, мәміле жасауға қабілетсіз. Мәселен, 159-б. 5-т-да кейіннен әрекетке қабілетсіз деп танылған, мәмілені жасау кезінде психикалық шатасу жағдайында болған азамат жасасқан шартты қорғаншының талабы бойынша жарамсыз деп тану мүмкіншілік туралы айтылады.
АК 159-б. 7-т. сәйкес, әрекет қабілеттігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерімен мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мысалы, yaқытшa психикалық шатасу ауруы, мастықкүй және т.б. Мәмілені жарамсыз деп тануды талап еткен адам уақытша психикалық шатасуды және оның дәрежесін дәлелдеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет