2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі



бет55/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.
Меншік құқығын, қорғаудың заттық –құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз – меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы.
Меншік құқығын тану туралы талапты құқығын өзімен міндеттемелік немесе басқадай салыстырмалы қатынастарда емес басқа адамдар даулаған, теріске шығарған немесе мойындамаған, жеке-белгілі бір заттың меншік иесі қоюы мүмкін.меншік иесінің талабы, бұл ретте, барлық азаматтардың меншік құқығын бұзбауын, оның ішінде ол құқықты тануын міндеттейтін абсолюттік құқықтың мәніне негізделуі тиіс.меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану туралы талап қоюдың қажетті шарттарының бірі-құқық бұзудың ұзаққа созылу сипаты.
Құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншік иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету құқығына кедергі келтірген басқа адамдардың заңсыз әрекеттерінен келген зиянды төлету әдістермен қорғалады. Сондықтан, меншік құқығын тану туралы талапқа ескіру мерзімі таралмайды.
Меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың міндеттемелік құқықтық тәсілдері әрқилы болып келеді. Әдетте, қорғаудың мұндай тәсілдері меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтыр мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғағанда да қолданылады (мысалы, азаматтық құқықтарды қорғаудың меншік иесінің мүлкіне келген шығынды өтеуге қатысты тәсілдері; мәмілені, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты тоқтатудың негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.).
Сонымен қатар меншік иесінің және өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың кейбір ерекше міндеттемелік –құқықтық тәсілдері бар, олар заттық-құқықтық тәсілдермен қатар меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік – құқықтық (міндеттемелік) тәсілдеріне жатады. Мысалы, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне қорғаудың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқығын бұзатын актілерін заңсыз деп тануға және мұндай актілерден келген шығынның орнын толтыруға бағытталған тәсілдері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет