2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет23/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Бақылау сұрақтары:

  1. Заңды тұлғалардың қызметiнiң мақсаттарына байланысты саралану

  2. Коммерциялық ұйымдардың құқықтық жағдайы

  3. Шаруашылық серiктестiктерi: толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк

  4. Акционерлiк қоғам

  5. Өндiрiстiк кооператив

  6. Мемлекеттiк кəсiпорындар

  7. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы

  8. Тұтыну кооперативтерi

  9. Қоғамдық бiрлестiктер;

  10. Қорлар

  11. Дiни ұйымдар

  12. Мекемелер

  13. Заңды тұлғалардың бiрлестiктерi

7 Тақырып. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ
1. Азаматтық құқықтар объектілеріне жалпы сипаттама
2. Мүлік - азаматтық құқықтар объектісі ретінде
3. Азаматтық құқықтар объектісі - мүлікті саралау
4. Ақша және бағалы қағаздар
5. Мүліктік емес жеке құқықтар


1. Азаматтық құқықтар объектілеріне жалпы сипаттама
Объект - бұл құқық субъектісі ықпал ететін немесе ықпал ете алатын нәрселердің бәрі.
Мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады (АК 115-б. 1-т.).
Азаматтық құқықтың субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын материалдық заттарды және өзге құндылықтарды мүліктік игіліктер деп түсінеміз. Мүліктік игіліктерге субъективтік құқықтарды мүліктік құқықтар деп түсінеміз.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік, құқықтар мен өзге де мүлік жатады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтардың АК-да келтірілген тізбесі шектеулі емес. Мысалы, қазіргі уақыт үшін маңызды больш табылатын ақпарат секілді мүліктік игілік АК-ке енгізілмеген.
Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес жеке игіліктерге жатады, ал мүліктік емес жеке құқықтар дегеніміз - бұл аталған құндылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес жеке игіліктерге, ал өмір сүру құқығы — мүліктік емес жеке құқықтарға жатады.
АК 115-б. 3-т. сәйкес негізгі мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет