2-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры



Дата08.02.2022
өлшемі18,7 Kb.
#102605
Байланысты:
Әлеумектік


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi. 
2-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы. 
3-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi. 
2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 
4-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай принциптерге негiзделедi: 
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлiлiктi және табиғи экологиялық жүйелердi сақтау; 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану
ғылымды, мәдениеттi, ағарту мен бiлiм беру iсiн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану; 
әлеуметтiк-экономикалық факторларды және жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушылықпен келтiрген залалды өтеу;
халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі туралы ақпаратпен еркiн танысу;
халықаралық құқық негiзiндегi халықаралық ынтымақтастық.
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншiк
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк меншiкте болады. 
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 151 Заңымен .

2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше


қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен
мiндеттерi

6-бап. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар


саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Азаматтардың: 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгiленген тәртiппен пайдалануға, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларға қатысуға; 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бiрлестiктерi мен қоғамдық қорларын құруға; 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға; 
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiнде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар. 
2. Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға мiндеттi. 
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланады және солар сияқты мiндеттi болады. 
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» кәсіби стандарты білім беру
бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы
персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен
түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды
міндеттерді шешу үшін арналған.
Осы кәсіби стандарт негізінде ұйымдар ішкі қолданыс үшін
қызметкерлердің өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, басқару, олардың
жауапкершілік ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби білімінің деңгейі, еңбек
функцияларының, білімдерінің, біліктері мен дағдыларының тізбесі
нақтыланған корпоративтік кәсіби стандарттар әзірлей алады.
2. Осы кәсіби стандартта "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келесі терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы
орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты
еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі өлшемдеріне қарай сараланатын
қызметкердің даярлығы мен құзыреті деңгейіне қойылатын талаптар
жиынтығы;
3) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін
құрылымдық жағынан сипаттау;
9) ұлттық біліктілік шеңбері – салалық біліктілік шеңберін, кәсіби
стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік
деңгейлернің бірыңғай шкаласын айқындайды;
5) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау
үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын талап ететін
кәсіби кіші топтар жиынтығы;
5) кәсіби кіші топ - еңбек функцияларының және оларды орындау үшін
қажетті құзыреттердің тұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер
жиынтығы;
6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік
деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет