2. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптары
Шешімдерді қабылдау процессі - басқару субъектісінің іс-әрекетінің циклді жүйесі, олар ұйымның мәселелерін шешуге бағытталған, шешім қабылдағанда жағдай талданып, оның орындалуы да қарастырылады.
Бұл процесс бірнеше сатыларды: әзірлік сатысын, негізгі сатыны, қорытынды сатыны қамтиды.
Әзірлік сатысы жағдайға жалпы сипаттама берумен және оны бағалаумен мақсатты айқындап алу шешім қабылдау үшін қажетті бүкіл ақпараттармен танысу және шешімнің болуы мүмкін варианттарын белгілеумен байланысты.