2. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының тәрбиелік маңызы Төрт түлікке қатысты жырлардың танымдық маңызы Қазақ балалар фольклоры



бет2/2
Дата26.01.2022
өлшемі19,92 Kb.
#114773
1   2
Байланысты:
1 Балалар фольклоры

Тұсау кесу ” жырындағы эстетика. Қазақ халқы тек бесікте жатқан балдырғандарды ғана қалай тәрбиелеу керектігіне көңіл бөліп қоймаған, олар сонымен қатар аяғын апыл-тапыл басып , қаз-қаз тұрған балаға қалай қарау керектігін өлеңге , әңге қосып айтып, оны дазор қуаныш көрген, “Тұсау кесу” жыры деп айтылатын халықтық өлеңде бұл жайында мынадай терең ой бар:

Қаз,қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Бұл балдырғандарға қойылған бір інші шарт, бір інші тілек десек, бала сол тілекті орындауды өзіне зор қуаныш көреді де, оған мәз болады. Оның қаз тұруы ата-ана тілекгін орындағандықтың алғашқы қадамы болып саналады. Өлеңде ешқандай бұйыру жоқ, тек қана тілек бар.Ол тілек әсем сазды өлеңмен айтылады.

Қаз,қаз,балам,қаз, балам

Тақымыңды жаз,балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Бір ден-бірге алға қарай жетектеп, өмірге баулып, үйретіп келеді.



Осының бәрі де баланың Жан жүйесіне әсер еткен эстетикалық тәрбиесінің жемісі.Өйткені жастайынан ән мен өлең арқылы көп нәрсені ұққан бала, есере келе өздері де көңіл күйін әнмен, өлеңмен білдіруге талаптанып, осыған әуестене бастайды.

3. «Мал баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі малға мұра. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Кең даланы малсыз елестету мүмкін болмаған. Қазақ жері мал өсіруге аса қолайлы. «Малым жанымның садағы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабамыз.

Қазақта үйірімен үш тоғыз «олжа көбейсін» деген тілек мағынасында қолданылатын тұрақты тіркес бар. Бұл фразеологизмде халықтық малға қатысты күн кешкен тұрмыс-тіршілігіне қатысты жасалған. Әсіресе, көшпелі мал шаруашылығының өзіндік дәстүрінен туатын тәжірибелік іс екені байқалады. Төрт түлік малдың басын көбейту үшін үйірге еркек малдардан бура, айғыр, қошқар салғанда олардың арасында тоғыз ұрғашыдан бөліп отырған бұл тәжірибе үйір-келе салу деп аталады. Мал ішінен тұқым сұрыптау түрі осылай жүзеге асырылатын болған. Мәселен, бірыңғай күрең немесе мақпал қара, ақ боз сияқты болып келуі үшін жылқы малының сырт түсінің де дұрыс сұрыпталуын қадағалаған. Көшпелі қазақтардың осындай тәжірибелік дәстүрі қытайдың бұрынғы жазбаларында кездесетіндігі туралы мәлімет бар [5, 12 б.].  Момын, жуас деген мағынада көптеп жұмсалатын тұрақты тіркесіміздің бірі- қой аузынан шөп алмас. Түнде қойға шапқан қасқырдай ол әдетте Орта Азия хандарының бөтен елге жорыққа кеткен кезін аңдып тұратын (І.Есенберлин). Осы сөйлемдегі тұрақты тіркесіміз: қойға шапқан қасқырдай- қырып жою, тас-талқан қылу турасында айтылып тұр. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады» фразеологизмі- тыныштық, бейбіт заман орнады мағынасында. Мәселен: Асан қайғы желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жер ұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді (Қазақ ертегілері). «Сенген қойым, сен болсаң»- үміт етіп, сенген адамы ойлаған жерінен шықпай, көңілі қалғанда айтылатын тұрақты тіркес. Мысалға, Сенген қойым сен болсаң, күйсегенің құрысын! Ақмоладан оқып келгенде, одан «қосшы болыс» атағанда жылпос Жақыпқа бір ауыз сөз айта алмадың,- деді Тәуке Әлжанға (Ғ.Мұстафин). «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген тұрақты тіркесіміз мезгілінен кешеуілдеу, ерте туып, кеш қалу деген мағынаны білдіреді.  Төрт түлікке қоймен қосылып айтылатын мал- ешкі. Мал баққан жұрт ешкінің серкесін қатты құрметтейді. «Серкесіз қой болмайды» деп қоралы қойға басшы ретінде серке қояды да, оны көсем серке дейді. Қолданыстағы «тоқал ешкідей қылды» деген фразеологизм – жатсынды, жатырқады мағынасында жұмсалады. «Ешкі көзденді» – бақырайды, аларды деген мағынаны береді.Мысал келтірер болсақ, Ит көрген ешкі көзденіп, елерме жынды сөзденіп (Абай).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет