Тақырып 3. Азаматтардың меншік құқығы. Дәріс мақсаты: Азаматтардың меншік құқығының анықтамасын беру және оның түрлері мен туындау негіздері, субъектілері объектілері мен азаматтардың меншік құқытарының мазмұнын және оны жүзеге асыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
2. Меншік құқығының субъектілері
3. Азаматтардың меншік құқығының объектілері
4. Азаматтардың меншік құқытарының мазмұны және оны жүзеге асыру
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл –объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінші, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
2. Кез келген азамат, тіптен кәмілетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты. Бұл екі жағдайды да қарастырайық. Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл арт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмлеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілетттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ. Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Оған сәйкес жеке дара кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады, олра мына талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс:-жалданбалы қызметшілердің еңбегін тұрақты негізінде пайдаланады; -кәсіпкерлік қызметтен Қазақстан Республикасының заң құжаттарында жеке тұлғалар үшін белгіленген, салық салынбайтын жиынтық жылдық кіріс мөлшерінен асатын мөлшерде, салық заңнамасына сәйкес есептелген жиынтық жылдық кірісі болады. Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке лу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды.
Жеке дара кәсіпкерліктің түрлеріне жеке кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкерлікті бір азамат өзіне меншік құқығы бойынша тиеесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке дара кәсіпкерлер) өздеріне ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған бірлесіп билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы жүзеге асырады. өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік (ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешелеген тұрғын жайға ортақ меншік) немесе ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерліктің формаларына мыналар жатады:1) өздерінің ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын жайға ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасы кәсіпкерлігі; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жәй серіктестік.
3.Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты ықпал етеді. Меншіктің тек ғана тұтынушылық мақсатынан бастартып, Қазқстан, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-жақты қолдап отыр. Меншік объектілерін құқықтық реттеудегі мемлекеттік саясат осымен анықталады. Оны екі принципте бейнелеуге болады. Біріншіден, азаматтардың меншігінде заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін. Бұл шектеулер заң құжаттарында белгіленеді.Азаматтардың меншік құқығының нысандарына қолданылатын екінші принцип АК-ның 191- бабы 2-тармағының 2- бөлігінде келтірілген –«жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.»Тек, мүліктің кейбір түрлерін иемденгенде қазақстандық салық заңнамасына сәйкес кіріс көзін дпекларациялау керек.
4. Азаматтардың меншік құқығының мазмұгны меншік иесінің мүлікті өз қалауы бойынша және өз мүддесіне иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқық өкілеттіктерін құрайды. Меншік иесі басқа адамдардың өз мүлкіне араласуын тойтаруға құқылы. Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру. Кәсіпкердің еңбекқұқығын жүзеге асырудағы ерекшелігі жеке дара кәсіпкерліктің түрі мен меншік с ипатына байланысты. Мысалы, некеде тұратын азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайын кәсіпкер ретінде атамаса да, ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі керек емес. Азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың ортақ мүлкін пайдаланса, егер заң құжаттарында немесе некелесу шартында не жұбайлар арасындағы басқадай келісімдерде өзгедей көзделмеген болса, пайдалану үшін басқа жұбайдың рұқсаты керек.жұбайлар кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың біреуі басқасының келісімімен іс айналымын жүргізеді, ол жеке дара кәсіпкерілікті тркегенде расталынады немесе, егер жеке дара кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылатын блса, нтариусте куәландырылып жазбаша көрініс табады. Жұбайлардың біруінің іскерлік айналымда екеуінің атынан әрекет жасауына екіншісінің жоғарыда көрсетілгендей келісімі болмаса, ол іс жүргізуші жұбай кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, түрлері.
2. Бірлескен кәсіпкерліктің формаларына не жатады.
3. Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру.
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі