2. Бөлім Халық педагогикасы – бала тілін дамытудың баспалдағы іспеттес


Ересек топ балаларының тілін дамытудағы



бет6/6
Дата04.05.2020
өлшемі112,59 Kb.
#65665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
user file 5afe88ba38ec4

2.2 Ересек топ балаларының тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы

Құрастырушы этап аяқталғаннан кейін қалыптастырушы этапқа көштім. Бұл этапта тәжірбиелік топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақытта халық ауыз әдебиеті түрлерін қолдана отырып ойындар ,жарыстар,ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттерін өткіздім. Қолданылған ойындар.

2 ай аралығында машықтану кезінде мен «Тіл дамыту» және «Әлеуметтік орта» білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақытта халық ауыз әдебиеті түрлерін қолдандым. Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аңыз әңгімелерді қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі .Сондықтан да мен балалардың тілін осы тәсіл арқылы дамытуға бел байладым. Және де бұл тәсілді қолдандым.

Қорытынды бақылау кезеңінде мен тәжірбиелік топпен жұмыс жасап болған соң,енді екі топшаны салыстыру үшін және нәтижені байқау үшін халық ауыз әдебиеті түрлерін қолданып ең бірінші құрастырушы этапында өткізген ойыным мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін екі топшаға да өткізіп нәтижесін шығардым. Нәтижелер төмендегідей.

Мына диагностикадан бақылау тобында ешқандай өзгеріс болмағандығын көре аласыздар.

Ересек «Көгершін» тобы 1-топша (бақылау топшасы):





Балалардың аты-жөні

Сөздік қоры

Байланыстырып сөйлеу

Әңгімелеп беру

1

Альмуханбетова Адина

3

3

3

2

Умарова Дильназ

3

4

4

3

Жанабаев Алидар

3

3

3

4

Есекей Әмір

3

4

3

5

Калимова Малика

3

3

3

6

Ахметова Жария

3

4

3

7

Мамыш Камила

4

4

4

8

Нургали Алия

3

4

3

9

Сыздықов Рустем

4

4

4

10

Смагул Жансая

3

3

3

Барлығы

3,2%

3,6%

3,3%

Ал мына диагностикадан тәжірибелік топтың балаларының білім деңгейі жоғарылағанын көріп тұрсыздар.



Ересек «Көгершін» тобы 2-топша (тәжірибелік топшасы):



Балалардың аты-жөні

Сөздік қоры

Байланыстырып сөйлеу

Әңгімелеп беру

1

Аубакирова Арайлым

5

5

4

2

Жарқынбек Диас

4

5

4

3

Сапарғалиева Жансая

5

5

5

4

Мамыш Камила

4

4

4

5

Макубаев Бексұлтан

4

4

4

6

Омарова Алия

4

5

4

7

Сакенова Алина

5

5

4

8

Қанат Аружан

5

5

4

9

Журкабаев Жасулан

4

5

4

10

Сағымдықова Жансая

4

4

4

Барлығы

4,4%

4,7%

4,1%

Ал енді диограмма бойынша салыстыратын болсақ:



Бұл этапта балалар бірінші этапқа қарағанда әлдеқайда белсендірек болды.Көріп тұрғандарыңыздай бақылау тобы балаларының білім деңгейлері сол қалыпта қалса,ал тәжірибелік топ балаларының білім деңгейлері әлдеқайда өскен. Тәжірибелік топшаның балалары көбірек білетіні байқалып тұрды.Сонымен мен осылай мектепке дейінгі ересек топ балаларында халық ауыз әдебиетін қолдану өте тиімді екеніне көз жеткізідім.

Зерттеу жұмысымды аяқтай отыра,мен мектепке дейінгі ересек топ балалары және тәрбиешілер үшін халық ауыз әдебиетінің түрлері,яғни мақал-мәтелдер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,шағын ертегілер жазылған әдістемелік құрал жасап шығардым.Халық ауыз әдебиеті балаларды оқытуда өте қажет.Өйткені халық ауыз әдебиетін пайдалану барысында балалардың ойлау қабілеттері,тілдері дамып,сөздік қорлары көбейеді. Және халық ауыз әдебиеті балалардың бір орында тоқтап қалмай одан әрі дамуына көп септігін тигізеді.Сондықтан күнделікті тұрмыста да халық ауыз әдебиеті түрлерін жиі қолданып тұрған жөн.

Қорытынды

Қазақ халқының  салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу- сызу болмаған кезде халықтың ой арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, қиял-ғажайып ертегілер, т.б. баланың тілін, ой-өрісін дамытуда ерекше роль атқарады. Балалар ертегі тыңдап, бір-біріне жұмбақ жасырғанды, жаңылып жаңылтпаш айтқанды ұнатады. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан тіл үйретудің, тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру жолында халық ауыз әдебиетінің маңызы зор.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің тиімділігін анықтау мақсатында жүргізген зерттеу жұмысымның нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

Зерттеу жүргізе келе мен қазіргі таңда тәрбиешілердің балабақшада балалар үшін халық ауыз әдебиетін аз қолданатындықтарын байқадым.Халық ауыз әдебиетін өз бетімізше циклограммаға қосып,ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне кіріктіріп,тәрбиешілермен бірігіп осы экспериментті өткіздім.Сөйтіп халық ауыз әдебиетінің балалардың өмірінде өте маңызды рөл атқаратынын байқадым. Жыл басында халық ауыз әдебиеті бойынша әлі жетік білмеген,сөздік қорлары аз болған балалармен үздіксіз жұмыс жүргізе отырып білім деңгейлерін көтердім.Соның нәтижесі ретінде тәжірибелік топтың балаларының білім деңгейі біршама өскендігін байқадым.Осылайша менің,егер, осы қарастырылған мәселелер арқылы мектепке дейінгі ересек топ балаларына халық ауыз әдебиеті үлгілері, жанрлары таныстырылса, балалар тілінің дамуына әсер етіледі, халық ауыз әдебиеті балаларға неғұрлым нақты, қажетті түрде жеткізілсе, балаларың тілі соғұрлым жақсы дамиды,халық ауыз әдебиеті қолданысы артады деп алған болжамым дәлелденді.Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларда халық ауыз әдебиетін жиі қолдану көп қажет етеді.

Сол себепте өз сабақтарымды ауыз әдебиетімен тығыз байланыстырып отырамын. Мысалы ертегілерді рөлге бөліп ойнаған кезде балалар ұйымшылдыққа тәрбиеленеді, шығармашылық қабілеті дамиды, сөздік қорлары молаяды. Айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатында түрлі көңіл көтеру,жарысу ойындарын өткізіп отырамын. «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Ит пен мысық неге араз», т.с.с. ертегілерінің мазмұнын қуыршақтар, ойыншықтар арқылы қайталаймыз. Ал оны сахналап көрсеткен кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, міңез-құлқын, іс-әрекетін көрсетіп тілдерін дамытады.

Тіл мәдениетін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Мектепке дейінгі балалар отбасында, балабақшада фольклорлық шығармалармен және көркем әдебиеттің тұғырлы туындылармен тәрбиеленеді. Қазақ ұлтының тілашар дәстүрі бойынша тілі шыға бастаған кезде бөбекке санамақтар - сан үйрету, жаңылтпаштар - тіл ширату, тақпақтар - ой дамыту, жұмбақтар - ой қорыту, мақал – мәтел - тіл мен ойды саралау, мазақтамалар - намыс ояту үшін қолданылады. Әсіресе, ертегілер баланың қиялын кеңейтіп, дамытады. Мен тәрбиеде ең әуелі осыларды пайымдап, пайдаланамын. Қысқасы, халық ауыз әдебиеті - тәрбиенің негізі. Онсыз тәрбие тәлімсіз, мәнсіз болады. Көркем әдебиеттен нәр алған бала инабатты, тәрбиелі, жігерлі болып өседі.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Адаева С.Г., Саданова Ж.К. «Халықтық педагогика арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру ерекшелiктерi» // Вестник КАСУ №1 – 2005.

2.Әбілова З. Ә. «Этнопедагогика». – Алматы, 1997.

3.Бағдарлама «Біз мектепке барамыз»

4.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. «Қазақ тәлiмiнiң тарихы». – Алматы:ҚызПИ – 2005 ж.

5.«Бес ғасыр жырлайды». 3 томдық. «Жазушы» 1989 ж.

6.Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» А., 1972

7.Ғаламтор: www.referatikz.ru, www.kids-price.ru, www.detsad-kitty.ru, www.sabaq.kz.com,www.tmndetsady.ru,www.detskieradosti.ru,

www.balana.kz, www.bilimsite.kz.

8.Жакишева.К «Халық педагогикасын іс-тәжірибемде қалай қолдандым?» // Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал, № 7, 2011. 2-4 бб.

9.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. «Қазақ тәлiмiнiң тарихы». – Алматы: «Санат» 1995 ж.

10.Қабдолов.З «Сөз өнері».Алматы:«Санат» ,2007.2-6 бб

11.Қазақ балалар ауыз әдебиеті «Алтын абдыра».Алматы:

«Балауса» ,2007.13-17 бб.

12.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. «Этнопедагогика» - Астана. 2005 ж.

13.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. «Қазақ халқының салт-дәстүрлерi». – Алматы: «Рауан» 1995 ж.

14. Қалиев С. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы»». – Алматы: «Бiлiм» 2004 ж. 17-21 бб

15.Қожахметова К.Ж. «Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi». - Алматы; 1993 ж.

16.Қоянбаев Ж.К. «Педагогика». – Алматы, 2001.

17.Махамбетова.Н «Ауыз әдебиеті – үғымдық шығарма». // «Бала мен балабақша». Республикалық педагогикалық журнал, № 7, 2011.

21-23 бб.

18.Рыскельдина.К «Халық педагогикасы - этнопедагогика» - жас ұрпақты тәрбелеуде халық тәжірибесі, тәрбие жиынтығы. // Бала мен балабақша. Республикандық педагогикалық журнал, № 7, 2011. 12-14 бб.

19.Табылдиев Ә. «Қазақ этнопедагогикасы». – Алматы: «Санат»

2001 ж.


20.Табылдиев Ә. «Қазақ этнопедагогикасы». – Алматы, 2000.

21.«Тіл – ұлттың жаны». Дала мен қала. Бейсенбі, 26-қаңтар, 2012.



22.Шаяхметова.А «Балалардың тілін дамыту да мақал-мәтелдердің маңызы». // Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал, № 11, 2011. 8-9 бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет