Тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғаңыз. Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді ажыратыңыз. Төменде берілген кестеге жазыңыз.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды. Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.
|
көп нүктелердің орнына септік жалғауларын жалғайды;
|
4
|
мәтіннен 5 жалқы есім, 5 жалпы есімді анықтап, кестеге орналастырады.
|
1
|
Менің атым... Атым...... айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адам..... атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлақ... да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреу.... таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қол.... келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдехана.... келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембай..... баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күн...., сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.
Жалқы есім
|
Жалпы есім
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
Достарыңызбен бөлісу: |