Күтілетін нәтижелер:
- педагогикалық мамандықтың жоғары маңыздылығын түсіну,
-12 жылдық оқытуға көшу жағдайында кәсіби әрекетті жүзеге асыру,
- педагогика ғылымының теориялық ережелері негізінде түрлі типтегі ұйымдардың педагогикалық үрдісін құрастыру,
- тұлға дамуының заңдылықтарын, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып тұлғаны қалыптастыру қабілеттілігі,
- кәсіби әрекетінде тәрбие туралы теориялық білімдерді пайдалану,
- тұлғаны қалыптастыру үрдісін жобалау және ұйымдастыру,
-оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеяларын, заңдарын, заңдылықтарын, ұстанымдарын білу және тәжірибеде қолдана алу;
-оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістері мен формаларын кәсіби әрекетінде таңдауға үйрену;
- білім алушылардың ойлау әрекетін белсендірудің тәсілдерін, сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру;
-оқыту мен тәрбиенің қазіргі технологияларын білу және кәсіби әрекетінде пайдалану;
-оқыту әрекетінде білім беру бағдарламасын баланың меңгеру нәтижесін бақылау біліктілігі, оның жетістіктері мен мәселелерін анықтау;
Бағалау:
- педагогикалық жағдаяттарды модельдеу және талдау,
- білім беру ұйымдарында педагогикалық үрдісті жетілдіру бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындау,
- педагогикалық міндеттерді шешу,
- эссе дайындау,
- педагогикалық тақырыптағы мәтіндерді аналитикалық өңдеу,
- хабарлама дайындау,
- зерттеу жұмыстарын және жобаларды қорғау,
-мультимедиа-презентациялар
- кестелер мен сызбалар құрастыру,
- педагогикалық жағдаяттарды құрастыру,
- сабақтың жоспар-конспектісін жасау
Достарыңызбен бөлісу: |