2 дәріс. НарықТЫҚ механизм. СҰраныс пен ұсыныс теориялары мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата01.05.2022
өлшемі0,55 Mb.
#141588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
2 тема. НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫ

Негізгі ұғымдар
нарық, «кӛрінбейтін қол», нарықтың түрлері, нарық элементтері, 
нарықтың принциптері, сұраныс, сұраныс детерминанттары, сұраныс заңы, ұсыныс, 
ұсыныс детерминанттары, ұсыныс заңы, нарықтық тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, тепе-
теңдік кӛлем, артықшылық, тапшылық, икемділік, икемділік коэффициенті, сұраныс 
икемділігі, ұсыныс икемділігі, сұраныстың баға бойынша икемділігі, сұраныстың табыс 
бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысқан икемділігі, т.б. 
2.1 Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу ӛлшемдеріне 
байланысты түрлері 
Нарық (рынок) 
дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен 
байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы; 
2)
ӛзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары; 
3)
сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы 
құрал немесе тетік; 
4)
тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін 
экономикалық агенттердің кез келген жағдайда ӛзара үйлесім табуы; 
5)
сұраныс, ұсыныс және баға арқылы ӛзін ӛзі реттейтін механизм. Міне осы 
түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін ӛзара 
әрекеттестігі сипатталады. 
Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды: 
1)
Қоғамдық еңбек бӛлінісі. 
2)
Ӛндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі. 
3)
Ӛндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы. 
Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу ӛлшемдеріне байланысты түрлері орын 
алады: 
1)
Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша: 
-
тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы; 
-
ӛндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы 
және жер нарығы; 
-
қаржы нарығы; 
-
ақпарат нарығы. 
2)
Географиялық орналасуы бойынша: 
-
жергілікті нарық; 
-
аймақтық нарық; 
-
ұлттық нарық; 
-
дүниежүзілік нарық. 
3)
Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша: 
-
жетілген бәсеке нарығы; 


-
монополиялық нарық; 
-
олигополиялық нарық; 
-
монополистік бәсеке нарығы. 
4)
Салалар бойынша: 
-
автомобиль нарығы; 
-
компьютер нарығы, т.б. 
5)
Сатылу сипаттамасы бойынша: 
-
кӛтерме сауда нарығы; 
-
бӛлшек сауда нарығы; 
-
фьючерстік сауда нарығы. 
6)
Заң нормаларына сәйкестігі бойынша: 
-
ресми нарық; 
-
ресми емес (кӛлеңкелі) нарық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет